Теңіз жағалауында өткен тартысты бәсекеде қатысушылар қол күресіп, күш сынасты.
Жарыс қорытындысы бойынша 8 шағынаудан жастары қарсыластарынан басым түсіп, 1-орынды қанжығаға байлады. 2-орынға 26 шағынаудан командасы ие болды. 3-орынды 28 шағынауданнан келген жастар еншіледі.
Қол күресінен соң қатысушылар гір тасын көтеруден бақ сынады.
Айта кетейік, ұлттық спорт ойындарынан жарыс Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының және Маңғыстау облысының дзюдо күресі және жекпе-жек түрлері федерациясының ұйымдастыруымен өтті. Негізгі мақсат – жастар арасында ұлттық спорт ойындарын насихаттау, ұлттық ойындарды жаңғыртып, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.