Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар

Бағдарлама мақсаты – халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жастарды кадр жетіспеушілігі байқалған Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру.

  1. Осы бағдарлама аясында оңтүстік өңірдегі жастар үш негізгі бағыттың біреуі бойынша (ЖОО және ТжКБ орындарында) тегін оқи алады: білім беру, техникалық немесе ауылшаруашылық ғылымдар. Өздеріне қажетті білімді алған соң солтүстік өңірде өмір сүруге қалуға тиісті.
  2. Оқу барысында жатақхана беріледі және стипендия төленеді.

Қайда хабарласу қажет?

тұрғылықты мекен-жайы бойынша жұмыспен қамту оралықтарына (https://www.enbek.kz/kk/zaniatost/czn-contacts) немесе білім бөліміне (https://egov.kz/cms/kk/articles/2Fspisok_otdel_edu)

Қандай құжаттар қажет?

  • жеке басын куәландыратын куәлік;
  • білімі туралы құжат (аттестат).

Бағдарламаны жүзеге асырудың механизмі

ЖОО мынадай мамандықтар бойынша аяқтаған студенттер үшін:

  • білім беру;
  • денсаулық сақтау;
  • әлеуметтік қамтамасыз ету;
  • мәдениет және спорт;
  • ветеринария.

Мемлекет жас мамандарды әлеуметтік қолдаумен ауылдық жерден жұмыс ұсынады:

  • 100 АЕК мөлшеріндегі көтерілуге көмектің бірыңғай жәрдемақысын төлеу;
  • 1500 АЕК мөлшерінде 0,01% мөлшеріндегі сыйақы мөлшерлемесімен 15 жыл мерзімге тұрғын үй сатып алуға және құрылысына арналған бюджеттік несие;
  • ауылдық елде мекендерде орналасқан әлеуметтік сала мекемелерінің мамандарына лауазымдық еңбекақының тарифтік мөлшерлемесінен 25 % кем емес (қалалық елді мекенде) арттыру.

Бағдарламаға қатысу үшін:

  • Сіз таңдаған елді мекеннен жұмысты өзіңіз табуыңыз (ауылдық мектеп, аурухана, Мәдениет үйі, спорт кешендері және т.б.);
  • жұмысқа қабылдағанда кандидат аудандық комиссияға бағдарламаға қатысуға өтініш беру;
  • жұмысты өзіңіз іздеу мүмкіндігі болмаған жағдайда Сіз ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне немесе аймақтардағы жауапты қызметкерлерге жүгіну;
  • аймақтардағы кадрлардың қажеттіліктері туралы мәліметтер облыстық әкімдіктердің басқармаларының сайттарында орналастырылуы қажет.

Қайда хабарласу қажет?

тұрғылықты мекен-жайы бойынша жұмыспен қамту оралықтарына (https://www.enbek.kz/kk/zaniatost/czn-contacts немесе білім бөліміне (https://egov.kz/cms/kk/articles/2Fspisok_otdel_edu)

Қандай құжаттар қажет?

Көтерме жәрдемақы алған кезде:

  • өтініш;
  • жеке куәлік көшірмесі;
  • білім туралы құжаттың (дипломның) көшірмесі;
  • жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
  • көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер.

Тұрғын үйді сатып алуға бюджеттік кредит алу үшін қосымша:

  • сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі;
  • неке туралы куәлік көшірмесі (болған жағдайда);
  • аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама ұсынылады.

Тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде қосымша:

  • маманның атына тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскесін пайдалану құқығына акт;
  • кепілге қойылған мүлікті бағалау актісі;
  • кепілге қойылған мүлікті сақтандыру шарты;
  • берілетін кредит мөлшерінен асатын тұрғын үй құрылысы бөлігін бірлесіп қаржыландыруға жазбаша келісім;
  • неке туралы куәлік көшірмесі (болған жағдайда).

Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада және көшiрме түрiнде ұсынылады. Жоғарыда аталған құжаттардан басқа құжаттарды ұсынуды үміткерден талап етуге жол берiлмейдi.

Мектеп, студент және жұмыссыз жастарды маусымдық жұмысқа орналастыру, жастардың бойында Отанға деген патриотизмді және туған өлкенің байлығына ұқыпты қарауды қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 632 Қаулысымен «Жасыл ел» бағдарламасы бекітілді.

Бағдарламаны жүзеге асырудың механизмі

  1. «Жасыл Ел» бағдарламасы жастарға (14-29 жас) жазғы демалыс кезеңінде студенттік отрядтарда әр түрлі бағыттар бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік береді: құрылыс, елді мекендерді көгалдандыру (ағаш отырғызу, отау, ормандарды, су қоймаларын санитарлық тазарту және т.б.), өз қаласын абаттандыру.
  2. Жұмысқа орналасу және шарт жасасу үшін «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының штабы филиалдарына (бұдан әрі – штабтар) жүгіну қажет.
  3. Бағдарламаны іске асыруға және студенттік отрядтардың жұмысына мемлекеттік жастар саясатына жетекшілік ететін мемлекеттік орган(Жастар саясаты, Ақпарат және қоғамдық даму, ішкі саясат мәселелері жөніндегі басқармалар (қалалық және аудандық бөлімдер) жанындағы әрбір өңірде ашық штабтар жетекшілік етеді.
  4. Сарбаздардың жалақысы жұмыс көлеміне байланысты 30 000 теңгеден 150 000 теңгеге дейін өзгереді.

Қайда хабарласу қажет?

Республикалық «Jasyl El» еңбек жасағының штабына:
жұмыс телефоны: 87172 51 58 10

Instagram ресми парақшасына сілтеме:
https://instagram.com/jasylel_kz?igshid=zjk1clm0jvyv

Қандай құжаттар қажет?

Еңбек шартын жасауға арналған қажетті құжаттар:

  • жеке куәлік;
  • зейнетақы қорынан шарт;
  • банктік дербес шот («Қазпошта» АҚ немесе банкте);
  • ф.086 денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  • фото 3×4 (2 дана);
  • егер студент 18 жасқа толмаса, ата-анасынан жұмыс істеуіне жазбаша рұқсат.

Бағдарламаны жүзеге асырудың механизмі:

  1. Жастар практикасы білім беру ұйымдарының түлектері үшін түлектердің алған мамандығы (кәсібі) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу мақсатында ұйымдастырылады.
  2. Жастар практикасына 29 жастан аспаған оқуды аяқтағаннан кейін 3 жыл ішінде жұмыссыз тұлғалар жіберіледі.
  3. Жастар практикасының ұзақтығы – 6 айға дейін.
  4. Айына жалақы мөлшері 25 АЕК-ті құрайды. Еңбекақы ай сайын төленеді.

 

Қайда хабарласу қажет?

 

тұрғылықты мекен-жайы бойынша жұмыспен қамту оралықтарына (https://www.enbek.kz/kk/zaniatost/czn-contacts)

Қандай құжаттар қажет?

  • жеке басын куәландыратын құжат;
  • еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса);
  • білімі туралы дипломның көшірмесі (аттестат, куәлік, диплом);
  • арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат (бар болса).

«Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» бағдарламасының мақсаты – техникалық және кәсіптік білімі бар (ТжКБ) кадрларды даярлау, алғашқы жұмысшы мамандығын тегін алуға жағдай жасау.

 

Бағдарламаны жүзеге асырудың механизмі

 

  1. 9-шы немесе 11-ші сыныптан кейін оқуын жалғастыра алмаған мектеп түлектері үшін қол жетімді.
  2. Оқыту ұзақтығы оқыту мерзімдері мен білім беру деңгейлері бойынша кәсіптер мен мамандықтар тізбесіне сәйкес айқындалады.
  3. Бағдарламаға қатысушыларға мемлекеттік қаражат есебінен оқу ақысын төлейді, бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етеді, стипендия төлейді, оқу орнына дейін жол жүру үшін ақша бөледі.

 

Қайда хабарласу қажет?

 

тұрғылықты мекен-жайы бойынша жұмыспен қамту оралықтарына (https://www.enbek.kz/kk/zaniatost/czn-contacts) немесе білім бөліміне (https://egov.kz/cms/kk/articles/2Fspisok_otdel_edu)

 

Қандай құжаттар қажет?

 

  • жеке басын куәландыратын құжат;
  • білімі туралы құжат (аттестат, куәлік, диплом);
  • 086-У нысанына сәйкес денсаулық жағдайы туралы анықтама.

 

Жобаның мақсаты — жастарды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, несие, грант алу және бизнес ашу.

 

Бағдарламаны жүзеге асырудың механизмі

 

  1. Мақсатты аудитория:18-29 жас аралығындағы жұмыссыз, тұрақты табысы жоқ) жастар, жас отбасы мүшелері, аз қамтылған көп балалы отбасылар, кәсіпкерлік әлеуеті бар мүмкіндігі шектеулі еңбекке қабілетті адамдар.
  2. Оқу процесінің жалпы ұзақтығы кемінде 25 күнтізбелік күнді құрайды.
  3. Оқыту қорытындысы бойынша оқуды аяқтағаны туралы сертификат және қатысқаны туралы сертификат беріледі.

 

Қайда хабарласу қажет?

 

тұрғылықты мекен-жайы бойынша жұмыспен қамту оралықтарына (https://www.enbek.kz/kk/zaniatost/czn-contacts)

 

Қандай құжаттар қажет?

 

жеке басын куәландыратын құжат.

«Бастау Бизнес» бағдарламасы қатысушыларды кәсіпкерлік дағдыларға, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін қалыптастыру қағидаттарына оқытуға, сондай-ақ олардың бизнес жобаларын сүйемелдеуге бағытталған.

 

Бағдарламаны жүзеге асырудың механизмі

 

  1. Жоба қатысушылары: жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, мүмкіндігі шектеулі адамдар, тіркелу мерзімі 3 жылға дейін жаңа бастаған кәсіпкерлер.
  2. Курстардың ұзақтығы-1 ай. Оқытуды бизнес-тренер оқытудың заманауи әдістемелерін пайдалана отырып, интерактивті нысанда жүргізеді. Жеке оқыту бизнес-жоспарды дайындау немесе бизнес-жобаны дамыту бойынша кеңес беруді қамтиды.
  3. Бизнес-жобаны қорғағаннан кейін қатысушылар гранттар мен микрокредиттер түрінде бастапқы капиталды алады. Бизнес-тренер бірінші пайда алғанға дейін бизнесті жүзеге асыру процесін сүйемелдейді.

 

Қайда хабарласу қажет?

 

  1. тұрғылықты мекен-жайы бойынша жұмыспен қамту оралықтарына (https://www.enbek.kz/kk/zaniatost/czn-contacts)
  2. Қатысу шарттары туралы толығырақ мына жерден білуге болады: https://atameken.co/kk/course-bastau

«Жас маман» жобасы 200 жаңғыртылған оқу орындарының базасында 100 сұранысқа аса ие индустриялық және сервистік мамандықтар бойынша мамандар даярлауды көздейді.

 

Қайда хабарласу қажет?

 

білім бөліміне (https://egov.kz/cms/kk/articles/2Fspisok_otdel_edu)

 

Қандай құжаттар қажет?

 

  • жеке басын куәландыратын құжат;
  • білімі туралы құжат.

«Бақытты отбасы» бағдарламасы – табысы төмен отбасыларға тұрғын үй сатып алу үшін кредит беру бағдарламасы болып табылады.

 

 

Бағдарламаны жүзеге асырудың механизмі:

 

  1. Қатысуға қойылатын талаптар:
  • көп балалы отбасы;
  • толық емес отбасы;
  • отбасында мүмкіндігі шектеулі баланың болуы.
  1. Қарыз бойынша пайыздық сыйақы мөлшерлемесі – 2% (СЖТМ-2,1%), бастапқы жарна мөлшері тұрғын үй құнының 10% – ынан жоғары мөлшерде айқындалған.

 

Бағдарлама бойынша кеңесті қайда алуға болады?

 

Бағдарламаға қатысу туралы толығырақ мына жерден білуге болады: https://hcsbk.kz/affordable-housing/bakytty-otbasy/

Welcome Back!

Login to your account below

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Add New Playlist