«МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ

Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы Маңғыстау облысының жастарына арналған тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Бағдарламаға өтінімдерді қабылдау 27.12.2024 жылдан 09.01.2025 жылға дейін жүргізіледі.

Өтініш беру үшін осы нысанда көрсетілген құжаттар тізімімен мұқият танысып, бүкіл файлды дәйекті түрде тіркеп, жүктеп алуыңызды сұраймыз.

2024 жылға арналған «Маңғыстау жастары» тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген несиелеу бағдарламасының ережесі (бұдан әрі – Бағдарлама). Бағдарлама ережесін жүктеу;

Қарыздың ең жоғары сомасы

  • Ақтау қаласы үшін – 15 млн теңгеге дейін;
  • Қалған қала/аудандар үшін – 10 млн теңгеге дейін;
  • Кредит мерзімі – 20 жылға дейін;
  • Пайыздық мөлшерлеме – 6%;
  • Бастапқы жарна – 10 %;
  • Бастапқы және қайталама тұрғын үй алу мүмкіндігі;
  • Қамту – 84 адамнан кем емес;
  • Бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі – 2024-2025 жылы
  1. Бағдарлама қатысушысы және оның отбасы мүшелері (жұбайы (зайыбы), кәмелетке толмаған балалары және т.б.) Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс және Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 (бес) жыл ішінде сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйі немесе меншік құқығындағы тұрғын үйі болмауы қажет;
  2. «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес өтініш беру кезінде қатысушының (жұбайын қоса алғанда) жасы 18 жастан 35 жасқа дейін болуы тиіс. Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде тек ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады;
  3. Қатысушының Маңғыстау облысында соңғы 2 жыл ішінде тұрақты тіркеуінің болуы, сонымен бірге өтініш беру кезінде, онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайы (зайыбы), кәмелетке толмаған балалары және т.б.) Маңғыстау облысында тұрақты тіркеуі болуы тиіс;
  4. Қатысушының төменде көрсетілген салалар бойынша ресми жұмыс өтілі (міндетті зейнетақы аударымдарының болуымен) Маңғыстау облысында кемінде соңғы 1 жыл болуы тиіс;
  5. Қатысушы аталған Бағдарлама аясында сатып алатын тұрғын үйді тіркелген мекенжайы бойынша ғана ала алады.
  1. Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, атап айтқанда, тиісті жоғары және арнаулы орта білімі бар, Маңғыстау облысындағы мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымының медицина қызметкерлері;
  2. Білім және ғылым саласының қызметкерлері, атап айтқанда, тиісті жоғары және арнаулы орта білімі бар, Маңғыстау облысындағы мемлекеттік білім беру ұйымының педагог қызметкерлері, мемлекет 100% қатысатын жоғары білім беру ұйымдарының оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері;
  3. Мәдениет саласының қызметкерлері, атап айтқанда, Маңғыстау облысында орналасқан мәдениет саласындағы мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері;
  4. Ауылшаруашылық саласының қызметкерлері, атап айтқанда, Маңғыстау облысында орналасқан мемлекеттік ауылшаруашылық ұйымдарының бейінді қызметкерлері;
  5. Спорт және дене шынықтыру саласының қызметкерлері, атап айтқанда, Маңғыстау облысында орналасқан спорт пен дене шынықтыру саласындағы мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйым қызметкерлері;
  6. Байланыс және ақпарат саласының қызметкерлері, атап айтқанда,  Маңғыстау облысында мемлекет 100% қатысатын бұқаралық ақпарат құралдары мен байланыс саласында жұмыс істейтін бейінді қызметкерлер;
  7. Әлеуметтік сала қызметкерлері, атап айтқанда, Маңғыстау облысындағы халықты әлеуметтік қорғау, халыққа қызмет көрсету, жастар саясаты, дін саласындағы мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін бейінді қызметкерлер;
  8. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының қызметкерлері, атап айтқанда, Маңғыстау облысындағы мемлекет 100% қатысатын мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін бейінді қызметкерлер;
  9. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласының қызметкерлері, атап айтқанда, Маңғыстау облысындағы мемлекет 100% қатысатын мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін өрт сөндіру мен жедел-құтқару отрядтарының қызметкерлері;
  10. Көлік-логистика саласының қызметкерлері, атап айтқанда, Маңғыстау облысындағы мемлекет 100% қатысатын мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін бейінді қызметкерлер.
Атауы Қатысушылар саны
1 Ақтау қаласы 32
2 Жаңаөзен қаласы 18
3 Бейнеу ауданы 6
4 Маңғыстау ауданы 4
5 Түпқараған ауданы 4
6 Қарақия ауданы 4
7 Мұнайлы ауданы 16
8 Барлығы 84
 

Егерде тұрғын үй саны көрсетілген межеден (84) асып кеткен жағдайда, артылған тұрғын үйлер Ақтау қаласының бөлінісіне қосылады

Өтініш берушілердің тізімі баллдық жүйені ескере отырып санаттар (салалар) бойынша қалыптастырылады (баллдардың ең көп саны бойынша):

Өлшемдер Баллдар
1 Тіркелген некеде әр жыл үшін 1
2 1 (бір) бала болған кезде 1
3 Әрбір келесі бала үшін 1
4 Осы санаттағы (саладағы) еңбек өтілінің әрбір жылы үшін 1
5 Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтары үшін 5
 

Қатысушылар бірдей ұпай жинаған жағдайда, жасы бойынша үлкен қатысушы артықшылыққа ие болады

  1. Белгіленген нысандағы (PDF нұсқада) өтініш; Өтініш үлгісін жүктеу;
  2. Азаматтық хал-ахуалды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (балалардың тууы, қайтыс болуы, неке қию (ерлі-зайыптылық), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу); 
  3. Қазақстан Республикасы бойынша өтініш берушіге және отбасының барлық мүшелеріне (жұбайы (зайыбы), кәмелетке толмаған балалары және т.б.) «Электрондық үкімет» веб-порталынан алынған жеке тұлғалар үшін жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама (egov.kz); 
  4. «Электрондық үкімет» веб-порталынан алынған соңғы 12 айдағы зейнетақы аударымдары туралы анықтама (egov.kz); 
  5. Ұйымның/мекеменің фирмалық бланкісінде берілген анықтаманың берілген күні, шығыс нөмірі, жұмысқа орналасу күні және атқаратын лауазымы көрсетілген жұмыс орнынан анықтама (ресми бланк болмаған жағдайда анықтамада ұйымның мөрі болуға тиіс);
  6. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын құжаттар (eQyzmet порталынан алынған анықтама (мемлекеттік қызметшілер үшін), еңбек кітапшасы (өтінім берген күнге дейінгі жұмыс орын(дар)ы мен лауазым(дар)ы, бұйрық нөмірі, жұмысқа орналасу және жұмыстан шығу күні, мекеме мөрі болуы тиіс);
  7. Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68-бабына сәйкес халықтың әлеуметтiк жағынан осал топқа жататындығын растайтын құжаттар.

Welcome Back!

Login to your account below

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Add New Playlist