Суббота, 28 марта, 2026
  • Login
Маңғыстау жастары
  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
        • Lectorium
        • Jastar Books
        • Жастар лагері
        • Жас тұлпар
        • Тегін ағылшын курсы
        • Mangystau Nauryz Fest
        • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс
Нәтиже жоқ
View All Result
  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
        • Lectorium
        • Jastar Books
        • Жастар лагері
        • Жас тұлпар
        • Тегін ағылшын курсы
        • Mangystau Nauryz Fest
        • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс
Нәтиже жоқ
View All Result
Маңғыстау жастары
Нәтиже жоқ
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Маңғыстау жастары Ержан Мырзабаевпен кездесті

12/09/2023
Айдары: Жаңалықтар
0
Маңғыстау жастары Ержан Мырзабаевпен кездесті
594
SHARES
5.4k
VIEWS
Share on FacebookShare on WhatsappShare on Telegram

Бүгін Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Lectorium» жобасы өтті. Жоба аясында кәсіби отбасылық психолог Ержан Мырзабаев маңғыстаулық жастармен кездесті. Кездесудің алғашқы сессиясында «Өмірлік серікті қалай таңдаймыз» тақырыбы қозғалды.

Орталық директоры Гүлмира Баянқызының айтуынша, кездесудің мақсаты – берік қоғам, саналы ұрпақ қалыптастыру. Жас отбасыларға, ата-анаға психологиялық кеңес беру, өзекті тақырыптарды қозғай отырып, мәселенің шешімін табуға жәрдемдесу.

«Қазіргі таңда саналы түрде отбасын құру, оны берік ұстап қалу өте маңызды. Себебі қоғамда ажырасу көп, бұл алаңдайтын мәселе. Сондықтан жастар арасында саналы түрде тұрмысқа шығып, үйлену, отбасын құрудың маңыздылығын түсіндіру, өмірлік серікті дұрыс таңдау және отбасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында кәсіби отбасылық психолог Ержан Мырзабаевты өңірге шақырдық. Осы кездесу арқылы жастарға дұрыс бағыт беріп, пайдалы ақпараттармен бөлісеміз деген сенімдемін», — дейді Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Гүлмира Баянқызы.

Кездесу барысында өмірлік серікті таңдаудағы негізгі қателік айтылды. Психолог Ержан Мырзабаевтың айтуынша, отбасылық модельдің болмауы мен өзіне деген сенімсіздік өмірлік жарды дұрыс таңдауға кедергі келтіреді.

«Өмірлік серікті таңдап, отбасын құрар кезде ең алдымен әркім өз-өзіне «Мен отбасын құруға дайынмын ба?» деген сауалды қоюы керек. Яғни, жастар психоэмоционалды тұрғыдан дайын екеніне көз жеткізуі қажет. Қазақта «Аштық пен ақшасыздық есіктен кіргенде, махаббат пен сүйіспеншілік терезеден шығып кетеді» деген сөз бар. Сол сияқты жастар материалдық жағдайға, тұрақты жұмыстың бар-жоғына мән беруі қажет. Сонымен қатар болашақ жарды таңдар алдында біз ол жаннан не күтетінімізді анықтап алғанымыз жөн. Көп жас бұл сұраққа жауап бере алмайды, тіпті білмейді, сондықтан жиі сәтсіздікке ұшырап жатады. Ең бастысы отбасы психологиясы, бала психологиясы, еркек-әйел психологиясы бағытында кітап оқу, семинар, курсқа қатысуы қажет», — дейді Ержан Мырзабаев.

Сондай-ақ ол қыз бен жігіт ретінде жүру үлкен жауапкершілік екенін атап өтті. Бұл қадамға тек отбасы құруды ниет еткен жандар ғана барғаны дұрыс деп есептейді. Осы ретте отбасылық психолог жастарға некеден бұрын жыныстық қарым-қатынасқа түспеуді ескертті. Оның айтуынша, жыныстық қатынас – некесі қиылған ер мен әйелдің қарым-қатынасын ерекшелендіретін қасиетті нәрсе. Егер мұндай жақын қарым-қатынас некеден кейін болса, отбасындағы сенім, бақыт пен беріктік ұзақ болатынын тілге тиек етті.

Отбасылық психолог кез келген қарым-қатынаста еркін әрі ашық түрде сөйлесу, оны тыңдай білу өте маңызды рөл атқаратынын айтты. Егер ортада диалог жиі болса, бір-бірін жақын тануға, ішкі сезімдерін тыңдай білуге, түсіністік орнатуға, отбасындағы жағдайды реттеуге мүмкіндік болады. Яғни, бақытты отбасының негізгі формуласы – сөйлесу.

Өмірлік серікті таңдауда адамның мінез-құлқы мен қасиетіне назар аудару керек. Психологтың айтуынша, жігіттің бойындағы жағымсыз қасиет – сараңдық пен агрессия. Ал қыздардың сүйкімін дөрекілік құртады, сондай-ақ шектен тыс қолы ашықтық та орынсыз екенін ескертті.

Шара соңында жастар қыз бен жігіт арасындағы қарым-қатынас, ажырасу, екінші рет тұрмысқа шығу және тағы басқа сұрақтарды қойып, тұщымды жауап алды.

Жұлдызай ҚАЛИЕВА

 

1 of 14
- +
  • Үздік
  • Пікірлер
  • Соңғы
Өңірімізде «Маңғыстау жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

Өңірімізде «Маңғыстау жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

27/12/2024
Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті

16/11/2023
«Jastar Startup – 2021» стартап байқауына өтінім қабылдау басталды

«Jastar Startup – 2021» стартап байқауына өтінім қабылдау басталды

22/10/2021
Жас көшбасшылардың кеңесі өтті

Жас көшбасшылардың кеңесі өтті

15/11/2023
Балалар үйінде тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

Балалар үйінде тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

0

Ақтауда Маңғыстау жастарының игілігіне арналған «АРМАН» Коворкинг орталығы ашылды

0

Жастар жылында Маңғыстау өңірінде 100 шара өтеді

0

«Маңғыстау жастары» және жастар жылы

0
Балалар үйінде тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

Балалар үйінде тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

18/03/2026
2024 жылға арналған «Маңғыстау жастары» тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген несиелеу бағдарламасынан үй алған қатысушылар тізімі

2024 жылға арналған «Маңғыстау жастары» тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген несиелеу бағдарламасынан үй алған қатысушылар тізімі

13/03/2026
«Адал азамат» кағидаты аясында жастар Кинология кызметімен танысты

«Адал азамат» кағидаты аясында жастар Кинология кызметімен танысты

10/03/2026
«Іскерлікке алғашқы қадам» мастер-классы өтті!

«Іскерлікке алғашқы қадам» мастер-классы өтті!

09/03/2026

Сайт мәзірі

  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
        • Lectorium
        • Jastar Books
        • Жастар лагері
        • Жас тұлпар
        • Тегін ағылшын курсы
        • Mangystau Nauryz Fest
        • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс

logo-mangustau zhastary

«Маңғыстау жастары» сайты — Маңғыстау облысының жастарына арналған ортақ интернет-платформа. Ақпараттық сайтта облыс аумағында жастардың бастамасымен және қатысуымен ұйымдастырылатын және өтіп жатқан іс-шаралардан бөлек, өңірдің түкпір-түкпіріндегі әр салада жетістікке жеткен жас көшбасшылар насихатталады.

© 2022-2023 МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ - Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының порталы ZERO.kz

Нәтиже жоқ
View All Result
  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс

© 2022-2023 МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ - Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының порталы ZERO.kz

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist