Астанада күрес түрлерінен аяқталған Қазақстан чемпионатында Маңғыстау облысының еркін күрес балуандары жалпыкомандалық есеп бойынша үшінші орынға тұрақтады.
4-5 ақпан күндері аралығында өткен еркін күрес бәсекесінде облыс балуандары 1 алтын, 2 қола медаль иеленді.
Ел біріншілігінде еркін күрестен 65 келіде белдескен маңғыстаулық Майис Алиев Қазақстан чемпионы атанып отыр. Ол сәуір айында Бішкек қаласында өтетін Азия құрлығы бойынша лицензиялық турнирде белдесіп, Париж Олимпиадасының жолдамасы үшін өнер көрсетуге мүмкіндік аллы.
Сондай-ақ, 86 келіде Маңғыстау облысының тағы бір балуаны Наурыз Ахметханов мен 97 келіде Камиль Куруглиев қола медальға қол жеткізді.