ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Жыл волонтёрі» халықаралық сыйлығын алуға конкурс басталғанын хабарлайды. Бұл жоба Мемлекет басшысының идеясымен 2020 жылы өмірге келген еді.
Сыйлық волонтерлік қозғалысты дамытуға және қолдауға, сондай-ақ, әлеуметтік және қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге елеулі үлес қосқан отандық және халықаралық волонтерлер мен волонтерлік топтарды, волонтерлік ұйымдарды көтермелеуге және ынталандыруға бағытталған.
Конкурсқа қатысу үшін qazvolunteer.kz интернет-платформасында волонтерлік қызмет бойынша өтінім беріп, қосымша деректерді толтыру қажет.
Өтінім қабылдау 2022ж. 1 қазанда басталып, 2022ж. 20 қазанға дейін жалғасады.
Байқау екі кезеңде өтеді:
Бірінші кезең – qazvolunteer.kz интернет-платформасында ашық онлайн-дауыс беру;
Екінші кезең – әр номинация бойынша жоғары дауыс жинаған 10 үміткерді Конкурстық комиссияның бағалауы.
Нәтижесінде төменде көрсетілген номинациялардың әрқайсысы бойынша үш үміткер жеңімпаз деп танылады:
– «Үздік волонтерлік ұйым»;
– «Корпоративтік волонтерлік көшбасшысы»;
– «Тұрақты даму мақсаттарының көшбасшылары»;
– «Үздік әлеуметтік көмекші»;
– «Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін»;
– «Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге белсенді қатысқаны үшін»;
– «Құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін»;
– «Денсаулық сақтауды дамытуға белсенді қатысқаны үшін»;
– «Салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін»;
– «Білімді дәріптеуге қосқан үлесі үшін»;
– «Қоршаған ортаны сақтауға және қорғауға қосқан үлесі үшін»;
– «Бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін»;
– «Тарихи-мәдени мұраны сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін»;
– «Зоологиялық қорғау мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін»;
– «Әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін».
Жеңімпаздар 5 желтоқсанда Халықаралық волонтёр күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиында марапатталады.
Толығырақ ҚР АҚДМ ресми сайтында.