Бүгін Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығында өңірлік кадр резервіне іріктеу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жиынға қала және аудандық жастар орталығының басшылары мен колледж мамандары қатысты.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Жұмабай Ербол Көбейсінұлының айтуынша, өңірлік резервке жасы отыз бес жастан кем емес, жоғары білімді, үш жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.
Іріктеу келесі салалық бағыттар бойынша жүргізіледі.
1) индустрия және өнеркәсіп;
2) экономика және қаржы;
3) әлеуметтік сала;
4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;
5) агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары;
6) цифрландыру;
7) экология.
Өңірлік кадр резервіне іріктеуге қатысушылар 1-31 наурыз аралығында onir.pkrezerv.gov.kz онлайн-платформасына тіркелуі тиіс. Сондай-ақ үміткер құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде ұсына алады.