Осы жазда алғаш рет Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы теңіз жағалауында «Кино кешін» ұйымдастырды.
Жаз бойы түрлі жанрдағы отандық және шетелдік 10-ға жуық кино көрсетілді. Оған 400-ден аса жас жиналды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, алғашқы уақытта кино кеші көп ішінде аса танымал болмаған. Уақыт өте келе киноға келуші тұрғындар саны артқан. Жастар жиі кино кешінде бас қосқан.
– Кино кешін ұйымдастырудағы мақсатымыз – жастардың бос уақытын тиімді өткізу. Жастарға арналған алаң құру, кино арқылы сыни ойлауды дамыту,- дейді ұйымдастырушылар.