Жастар жеке бренд қалыптастыруды үйренді

Бүгін маңғыстаулық жастар ісінің мамандары жеке бренд қалыптастыру бойынша білім толықтарды. Спикер, «Aktownx» шығармашылық бірлестігінің жетекшісі Нұрсұлтан Мұрзабек жастар қызметкерінің қоғамда өзін-өзі ұстауы, әлеуметтік медиа арқылы өзін және жастар ісі саласын көрсетудің мүмкіндіктерін тілге тиек етті. Сонымен қатар жастар ресурстық орталығының ақпараттық жұмысы туралы сөз қозғады.

Ал түстен кейін Нұрлыбай Наурызбаев жастар қызметкерлерінің кәсіби стандарты мен біліктілік талаптарын түсіндірді.

Тренинг соңында жастар «Өзін-өзі бағалау» ойыны бойынша жастар жобаларын іске асырудағы қателіктері мен жетістіктерін бағалады.

@mangystau.zhastary

#mangystauzhastary #jroupgrade #live

♬ оригинальный звук – mangystau_zhastary

«Жастар қызметкерлері әрқашан позитивті және өзгеге позитив сыйлай білетін жан. Сол себепті де тренинг көңілді өтті. Жаңадан келген мамандар бар, құлшынысы жоғары. «Қайда келдік, не жасауымыз керек?» деген сұрақтарға жауап алып, алға мақсат қоя білді. Талқылау кезінде түйгенім, жаңадан келген мамандар өзінің әлсіз тұстарын танып, оны әрі қарай дамыту бағытында әңгіме өрбітті. Мұның өзі – қуантарлық жайт», – деді Нұрлыбай Наурызбаев.

Үш күндік тренинг қатысушыларды командалық ынтымақтастыққа, ұйымшылдыққа баулыды. Сондай-ақ жастар ісінің қағидаттарын білу, әлеуметтік желі арқылы өз жұмысын көрсету, мақсатты аудиториямен тиімді жұмысты ұйымдастыру бойынша кәсіби біліктілігін жетілдірді.

Жұлдызай Қалиева

Exit mobile version