Нұрсұлтан Назарбаев Қоры «ZhasSTAR гранттар бағдарламасы» шығармашылық жобаларды қолдау және дамыту мақсатында республикалық гранттар байқауын өткізіп жатыр.
Бұл байқауға 40 жасқа дейінгі шығармашылық қызметкерлер, сондай-ақ мәдениет және өнер саласындағы қызметпен айналысатын шығармашылық бірлестіктер мен ұйымдар қатыса алады.
Айта кетейік, байқау үш кезеңнен тұрады:
• I – өтінімдерді қабылдау және бастапқы іріктеу – 2022 жылғы 1 шілдеден 18 қыркүйекке дейін.
• II – жобаларды бағалау және финалисттердің қысқаша тізімін қалыптастыру.
• III – «ZhasSTAR» шығармашыл жастардың халықаралық фестивалі аясында Алматы қаласында финалистерді таныстыру және жеңімпаздарды анықтау.
Байқау қорытындысы бойынша 10 жеңімпаз анықталады, олар өз жобаларын жүзеге асыру үшін екі миллион теңге көлемінде грант алады.
Конкурс туралы толық ақпарат grant.jasstar.kz сайтында.