Бүгін Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өңірдегі үздік жастарға «Жас тұлпар – 2023» облыстық жастар премиясы табысталды. Салтанатты шараға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, басқарма басшылары мен жастар қатысты.
Жыл бойы белсенділік танытып, өз саласында үздік атанған жастардың қатарында Шапағат Ізбенов, Айгерім Мәжтай, Нұртуған Қожабаев, «Sham» дамушы орта» бастамашыл тобы, Жансая Оразбай, Lider.kz «Еріктілер қозғалысы» ҚБ, Қуаныш Жаппар, Алтыншаш Дүйсеналиева, Қалбек Жарыев және Өркен Түебаев бар. Жастар премиясының иегерлеріне облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың алғыс хаты мен арнайы статуетка табысталды.
Өз кезегінде аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев жастарға беріліп жатқан мүмкіндіктерді тілге тиек етіп, өңірдің өркендеп, дамуы үшін еңбек етіп жүрген жыл белсенділеріне алғыс айтты.
Шарада бұған дейін де креативті идеясын іске асырып, жетістікке жетіп жүрген жастар мен қоғамдық ұйымдардың аты аталып, қызыл кілем үстінде құрмет-қошеметке бөленді.
Сонымен қатар мерекелік кеш аясында Мемлекет басшысы тағайындаған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздарына 1 млн теңге берілді. Биыл жобаны Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының әлеуметтік тапсырысымен «Түпқараған жастары» ҚБ ұйымдастырған.
Әрі қарай шара өңір өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Айта кетейік, «Жас тұлпар – 2023» облыстық жастар премиясы мемлекеттік жастар саясатының дамуына, елдің саяси және қоғам өміріне белсене араласып, зор үлес қосқан жас азаматтарға, әр сала бойынша өз мамандығының шеберлеріне беріледі.