27-28 сәуір күні С. Демирель атындағы университетінде XV республикалық пәндік олимпиада өтті. Пәндік олимпиадаға «Химия мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын жоғары оқу орындары студенттері қатысты, – деп хабарлайды mangystauzhastary.kz сайты.
Олимпиадада Маңғыстау облысынан Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің химия-биология білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Қайсар Бекбулат пен химия білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Самғар Бердіхан бақ сынады.
Республиканың 17 жоғары оқу орнынпн келген студенттердің арасынан жекелей есеп бойынша 2-курс студенті Қайсар Бекбулат топ жарып, 1-орынға ие болды.
Сонымен қатар командалық есепте 2-курс студенті Қайсар Бекбулат пен 3-курс студенті Самғар Бердіхан жоғары білім деңгейін көрсетіп, жүлделі 1-орынды иеленді.
Айта кетейік, республикалық пәндік олимпиадаға қатысқан студенттердің топ жетекшісі – х.ғ.к., доцент Ақкенже Чаншарқызы Бусурманова.