Түпқарағандық оқушылар ауданда түсіріліп жатқан еңбек құқығы туралы «1286» әлеуметтік сериалының түсірілім тобы және әртістерімен кездесті.
Аудан әкімінің бастамасымен ұйымдастырылған кездесуге «1286» жобасының режиссері Әлішер Утевтің өзі бастап, қоюшы-оператор «Шекер» 1 сезон, «Сержан братан»,» 5:32″, «Квартиранты» фильмдерін түсірген Бағдат Аргинов, басты кейіпкер — Қалибек Қуанышбаев театрының актері, компазитор Олжас Жақыпбек және ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Ва банк», «Сержан братан», «5:32», «Тойхана», «Сүйіктім», «Өткінші жаңбыр» фильмдеріне түскен Ажар Тажибаева, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Парасат орденінің иегері, Махамбет Өтемісұлы атындағы халықаралық сыйлықтың иегері — Кедебай Темірбайұлы, Ғабит Мүсірепов атындағы жасөспірімдер мен балалар театрының актері Еркін Абдрашев, «Немного женаты», «Сарай сыры», «Ұрлаудан басқа амал жоқ»,» Күрес», «Сиситай» фильмдеріне түскен Амина Мектепбаева, Ғабит Мүсірепов атындағы жасөспірімдер мен балалар театрының актері Мерей Аджибеков, Н. Жантөрин театрының актері Рамазан Актаев, Қалибек Қуанышбаев театрының актері – Ақжол Мамыр, Қанат Архабаев – «Лаборотория счастья» фильмі, «Жақыным алыс» сериалы, «Бақыт жолында» сериалы, «Мама» сериалы, Нартай Бекежанов атындағы драма театрының актері — Азамат Жолдасбек келіп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
Әлеуметтік сериал «Salem social media» жобасы. Тағдыры құлдыққа тап қылған Аманның өмірі туралы өрбитін кино еңбек құлдығының қиын күндерін баяндайды.
Оқушылардың қызығушылығын тудырған түсірілім тобы олардың әр сұрағына ыждағатты жауап қатып, жарқын болашақ тіледі.