18 сәуір және 21 сәуір күні сағат 18:00-де 14 шағынаудан теңіз жағалауында көшпелі кеңес беру шарасы өтеді.
Шара Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы «Кеңес алаңы» жобасы аясында ұйымдастырылады.
Жастар және қала тұрғындарымен кездесуге
- «Ақтау қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы»,
- «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры», АҚ Маңғыстау облыстық филиалы,
- Маңғыстау облысы «Отбасы банкі»,
- «Денсаулық басқармасы»,
- «Атамекен кәсіпкерлік палатасы»,
- «Маңғыстау облысы әділет департаменті ” бойынша мамандар шақырылған.
Көшпелі кеңес беру бір мезетте түрлі саланың мамандарынан тегін кеңес алуға мүмкіндік береді.
Сіздерді кеңес алаңына шақырамыз.