Понедельник, 30 марта, 2026
  • Login
Маңғыстау жастары
  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
        • Lectorium
        • Jastar Books
        • Жастар лагері
        • Жас тұлпар
        • Тегін ағылшын курсы
        • Mangystau Nauryz Fest
        • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс
Нәтиже жоқ
View All Result
  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
        • Lectorium
        • Jastar Books
        • Жастар лагері
        • Жас тұлпар
        • Тегін ағылшын курсы
        • Mangystau Nauryz Fest
        • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс
Нәтиже жоқ
View All Result
Маңғыстау жастары
Нәтиже жоқ
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«TedХ Mangystau»: Екі жас тосыннан Rixos-қа жолдама алды

18/10/2023
Айдары: Жаңалықтар
0
Әсемгүл Адамбай
578
SHARES
5.3k
VIEWS
Share on FacebookShare on WhatsappShare on Telegram

«TedХ Mangystau» махаббат пен мейірім алаңына айналды. Бұған белсенді жас, қайырымдылық шараларын ұйымдастырушы, идея генераторы Әсемгүл Адамбай себепші болды.

Әсемгүл Адамбай өз сөзінде қоғамдағы келеңсіз жайттардың көбі махаббатты жеткізе алмауымызда екенін айтты. Сондықтан ата-ана мен бала арасындағы кіршіксіз, көзге көрінбес байланысты үзіп алмау өте маңызды.

«Басыңнан қандай жағдай өтсе де, саған алаңдайтын, сені шын түсінетін жан – ана. Ананың махаббаты, отбасыңның қолдауы кез келген биікке көтереді. Сондықтан сен үшін шарқ ұратын, тілегі мен ниеті ақ ата-анаң бар да өміріңді мәнсіз, уақытыңды бос нәрсеге сарп еткенің – ақымақтық. Қазір жастар арасында өзіне-өзі қол жұмсау өршіп тұр. Бұл алаңдайтын жағдай. Десе де біздің ортада сәби кезінен бастап аурудың азабын тартып, түрлі отаны бастан өткізіп жатқандар көп. Бұған өзім куә болдым, қаншама ананың көз жасын көріп, тілегін тыңдадым. Өмір үшін арпалысып жатқандарды көргенде, қалайша өміріңді мағынасыз сүруге қиясың?! Керісінше, бар мүмкіндігіңді жақсылық жасап, біліммен жарысуға арна», — деді Әсемгүл Адамбай.

Сонымен қатар ол ата-анаға деген махаббатты жасырмау керектігін тілге тиек етті.

«Өмір бір рет ғана беріледі, уақыт – жылдам. Сондықтан бүгін анаңа жақсы көретініңді айт, әкеңді құшақта. Әрине, бастапқыда таңқалатын шығар, бірақ оған да үйренеді. Ал егер біреудің анасы, ия әкесі жоқ болса, қайғыға салынба. Алла өзі өмір жолыңда ана мен әке сияқты шын жанашыр жандарды жолықтырады. Сондықтан бірден жаман ойға берілмей, өмірге құштарлықты арттырып, жақсылыққа ұмтыл», — деді спикер Әсемгүл Адамбай.

Әсемгүл өз сөзінен кейін шараға келген жастарға Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының сыйлығын табыстады. Ал өзі кездейсоқ таңдалған екі жасқа және ата-анасына Ақтау қаласындағы Rixos Water World Aktau қонақ үйіне жолдама берді.

«Шара өте жоғары деңгейде өтті, тіпті тосын сыйға толы болды. Әсемгүл Адамбай Rixos Water World Aktauға жолдама бергенде сене алмадым. Жалпы спикерлердің әрбір сөзі жүректен жүрекке жетті. Көп жағдайда сабақ немесе қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытып, кейде ата-анама уақыт бөлуді ұмытып кетемін. Осы шарадан кейін ата-анаға деген махаббатым, өмірге құлшынысым арта түсті», — дейді Маңғыстау туризм колледжінің студенті Альбина Рашидқызы.

Айта кетейік, кеше Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығы Республика күніне орай алғаш рет «TedХ Mangystau» өткізді. Шараға блогер, қайырымдылық шараларын ұйымдастырушы, «Жас тұлпар 2021» облыстық жастар премиясы «Жыл белсендісі» номинациясының иегері Әсемгүл Адамбай, «Biznes buket» гүлдер дүкенінің негізін қалаушы, жас кәсіпкер Бақтықожа Орысбаев, жағажай параволейболынан ҚР чемпионатының күміс жүлдегері, отырып ойнау волейболынан ҚР чемпионатының қола жүлдегері, ҚР спартакиадасының 3-орын иегері Қанат Ризабеков және жергілікті әнші, актриса Асылтас Аяп келді.

Сонымен қатар әнші Ғаділбек Жаңай маңғыстаулық жастармен «Ханшайым» әнін бірге шырқады.

Жұлдызай Қалиева

 

1 of 8
- +
  • Үздік
  • Пікірлер
  • Соңғы
Өңірімізде «Маңғыстау жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

Өңірімізде «Маңғыстау жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

27/12/2024
Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті

16/11/2023
«Jastar Startup – 2021» стартап байқауына өтінім қабылдау басталды

«Jastar Startup – 2021» стартап байқауына өтінім қабылдау басталды

22/10/2021
Жас көшбасшылардың кеңесі өтті

Жас көшбасшылардың кеңесі өтті

15/11/2023
Балалар үйінде тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

Балалар үйінде тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

0

Ақтауда Маңғыстау жастарының игілігіне арналған «АРМАН» Коворкинг орталығы ашылды

0

Жастар жылында Маңғыстау өңірінде 100 шара өтеді

0

«Маңғыстау жастары» және жастар жылы

0
Балалар үйінде тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

Балалар үйінде тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

18/03/2026
2024 жылға арналған «Маңғыстау жастары» тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген несиелеу бағдарламасынан үй алған қатысушылар тізімі

2024 жылға арналған «Маңғыстау жастары» тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген несиелеу бағдарламасынан үй алған қатысушылар тізімі

13/03/2026
«Адал азамат» кағидаты аясында жастар Кинология кызметімен танысты

«Адал азамат» кағидаты аясында жастар Кинология кызметімен танысты

10/03/2026
«Іскерлікке алғашқы қадам» мастер-классы өтті!

«Іскерлікке алғашқы қадам» мастер-классы өтті!

09/03/2026

Сайт мәзірі

  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
        • Lectorium
        • Jastar Books
        • Жастар лагері
        • Жас тұлпар
        • Тегін ағылшын курсы
        • Mangystau Nauryz Fest
        • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс

logo-mangustau zhastary

«Маңғыстау жастары» сайты — Маңғыстау облысының жастарына арналған ортақ интернет-платформа. Ақпараттық сайтта облыс аумағында жастардың бастамасымен және қатысуымен ұйымдастырылатын және өтіп жатқан іс-шаралардан бөлек, өңірдің түкпір-түкпіріндегі әр салада жетістікке жеткен жас көшбасшылар насихатталады.

© 2022-2023 МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ - Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының порталы ZERO.kz

Нәтиже жоқ
View All Result
  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс

© 2022-2023 МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ - Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының порталы ZERO.kz

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist