Суббота, 6 июня, 2026
  • Login
Маңғыстау жастары
  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
        • Lectorium
        • Jastar Books
        • Жастар лагері
        • Жас тұлпар
        • Тегін ағылшын курсы
        • Mangystau Nauryz Fest
        • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс
Нәтиже жоқ
View All Result
  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
        • Lectorium
        • Jastar Books
        • Жастар лагері
        • Жас тұлпар
        • Тегін ағылшын курсы
        • Mangystau Nauryz Fest
        • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс
Нәтиже жоқ
View All Result
Маңғыстау жастары
Нәтиже жоқ
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Суға батып бара жатқан адамды қалай тануға болады?

15/08/2023
Айдары: Жаңалықтар
0
Суға батып бара жатқан адамды қалай тануға болады?
584
SHARES
5.3k
VIEWS
Share on FacebookShare on WhatsappShare on Telegram

Көбінесе адамның суға батып бара жатқанын фильмдегідей елестетеміз. Айқайлайды, қол созып, көмек сұрайды деп ойлаймыз. Шындығында, суға батып бара жатқан адамның айқайлауға күші жетпеуі мүмкін. Осы ретте теңізге түсу кезінде қайғылы жағдайдың алдын алу үшін қандай ережелерді сақтау керек? Суға батып бара жатқан адамды қалай танып, құтқаруға болады? Осы сұрақтарға Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағы басшысының орынбасары Жақсылық Әбішов жауап беріп, тұрғындарға кеңесін берді.

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағы басшысының орынбасары Жақсылық Әбішовтың айтуынша, облыста суға түсу маусымы басталғалы 58 адам құтқарылып, 10 адам қаза тапты.

«Көбінесе тұрғындар тыйым салынған, шомылуға жабдықталмаған орындарға барып, теңізге түседі. Кейде мас күйінде суға шомылады. Соның салдарынан суға батып кету фактілері азаймай тұр. Қазіргі таңда облыс бойынша құтқару бекеті он жерде қызмет етіп тұр. Оның үшеуі қала сыртында, атап айтқанда, Кендірлі, Форт-Шевченко және Құрықта. Ал қалған 7 құтқару бекеті қала ішіндегі қауіпсіздікті бақылауда. Яғни, 43 шақырымда, Ақшұқырда, Самал теңіз жағалауында, Тарас Шевченко жағалауында және 4 шағынауданда, Яхта клуб аумағында, Шора аумағында құтқару бекеті жұмыс істеп жатыр», — дейді Жақсылық Әбішов.

Құтқарушылардың айтуынша, жағалауда демалатын адам мына ережелерді міндетті түрде сақтауы керек:

— Демалыс орнын, теңіз жағалауын таңдайтын кезде мұқият зерттеңіз. Жағалауда құтқаруға арналған жабдықтардың болуына мән беріңіз;
— Әр шомылу орнында белгі болуы керек, ал демалушылар сол қалтқылардан аспауы керек. Сонымен қатар үрленген матрас, дөңгелекшелер мен маторлы қайық, жүзу құралдарымен жағажайдан алысқа жүзіп кетпеңіз;
— Ішімдік ішуден аулақ болыңыз;
— Суға шомылу мезгілінде балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
— Шомылуға жабдықталмаған және тыйым салынған жерлерде шомылмаңыз;
— Су айдындарын ластамаңыз;
— Егер адамның суға батып бара жатқанын көрсеңіз, онда дер кезінде құтқарушыларға хабарласыңыз.

Суға батып бара жатқан адам көпшілік ойлайтындай қолын көтеріп, айқайламайды. Үнсіз ғана батып кетеді, сондықтан тұрғындар ол адамға аса мән бермейді. Бұл туралы дәрігер Франческо Пиа жағалау күзетіне тиесілі On Scene журналында суға батқан адамның белгілерін атап өткен.

— Суға батқан адам физикалық тұрғыдан көмекке шақыруға дәрменсіз. Адамның аузы су астында болғандықтан ол тыныс алып, сөйлеп үлгермейді. Судан шыққанда ғана тек тыныс алып үлгереді, содан соң қайтадан суға батады.
— Суға батқан адамдар қолымен көмекке шақыра алмайды. Олар қолымен судан шығуға арпалысып жатады. Осылайша судан шығып, тыныс алуға мүмкіндік алады.
— Суға батқан адамдар қолын бақылауда ұстай алмайды. Қолымен шақыруға, құтқарушыларға жақындауға күші жетпейді.
— Адамның денесі суға батқаннан бастап вертикальді күйде болады. Егер құтқарушы оны судан алып шықпаса, адам жанталасқан күйі 20-60 секунд су бетінде болады. Содан кейін суға батады.

Адамның суға батып бара жатқанын қалай білуге болады?

— Адамның басы суға батып, аузы жоғары жағында болады;
— Басы артқа кетіп, аузы ашық күйде қалады;
— Көзі жабық болады;
— Адам су астында вертикальді күйде болады, аяғымен әрекет жасамайды;
— Белгісіз бағытқа жүзбек болғанмен нәтиже болмайды;
— Шалқасымен жатуға талпынады;
— Адам жиі тыныс алады;
— Ең басты белгі – адам суға батып жатқан жанға ұқсамайды. Сондықтан жанына барып, көмек керек пе екенін сұрау қажет.

Төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағы басшысының орынбасары Жақсылық Әбішовтың айтуынша, құтқарушылар қыс және көктемгі уақытта арнайы дайындалады. Ал жазғы уақытта кезекшілік жасап, теңіз жағалауындағы демалушылардың қауіпсіздігін қадағалайды.

«Қазіргі таңда облыс бойынша 14 техника, 20 жүзу құралы, оның ішінде 4 катер, 7 темір қайық, 8 үрмелі қайық және 1 гидроцикл бар. Әр құтқарушы құтқару кеудешесімен, шеңберімен және қасында міндетті түрде артық құтқару құрал-жабдықтарымен жабдықталған», — дейді Жақсылық Әбішов.

Жұлдызай ҚАЛИЕВА

  • Үздік
  • Пікірлер
  • Соңғы
Өңірімізде «Маңғыстау жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

Өңірімізде «Маңғыстау жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

27/12/2024
Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті

16/11/2023
«Jastar Startup – 2021» стартап байқауына өтінім қабылдау басталды

«Jastar Startup – 2021» стартап байқауына өтінім қабылдау басталды

22/10/2021
Жас көшбасшылардың кеңесі өтті

Жас көшбасшылардың кеңесі өтті

15/11/2023
Ұжымдағы татулық — табысты қызмет кепілі

Ұжымдағы татулық — табысты қызмет кепілі

0

Ақтауда Маңғыстау жастарының игілігіне арналған «АРМАН» Коворкинг орталығы ашылды

0

Жастар жылында Маңғыстау өңірінде 100 шара өтеді

0

«Маңғыстау жастары» және жастар жылы

0
Ұжымдағы татулық — табысты қызмет кепілі

Ұжымдағы татулық — табысты қызмет кепілі

26/05/2026
Ар мен адалдық: жастарға айтылған аманат

Ар мен адалдық: жастарға айтылған аманат

25/04/2026
Аналарға қолдау – қоғамға қамқорлық

Аналарға қолдау – қоғамға қамқорлық

24/04/2026
Балалар үйінде тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

Балалар үйінде тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

18/03/2026

Сайт мәзірі

  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
        • Lectorium
        • Jastar Books
        • Жастар лагері
        • Жас тұлпар
        • Тегін ағылшын курсы
        • Mangystau Nauryz Fest
        • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс

logo-mangustau zhastary

«Маңғыстау жастары» сайты — Маңғыстау облысының жастарына арналған ортақ интернет-платформа. Ақпараттық сайтта облыс аумағында жастардың бастамасымен және қатысуымен ұйымдастырылатын және өтіп жатқан іс-шаралардан бөлек, өңірдің түкпір-түкпіріндегі әр салада жетістікке жеткен жас көшбасшылар насихатталады.

© 2022-2023 МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ - Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының порталы ZERO.kz

Нәтиже жоқ
View All Result
  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс

© 2022-2023 МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ - Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының порталы ZERO.kz

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist