Тәжікстан астанасы Душанбеде дзюдодан әлемдік Гран-при жарысы өтті. Жарыстың бірінші күнінде маңғыстаулық дзюдошы Сұңғат Жұбатқан қола медаль жеңіп алды.
66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен ол жұбаныш финалында Адриан Нието Чинарроны (Испания) иппон ұпайымен ұтты.
Жүлделі орынға дейінгі жолда Сұңғат Израиль спортшысы Даниэль Капелушник, тәжікстандық Нурали Эмомалимен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Ширек финалда Мурад Чопановқа есе жіберді. Ал жұбаныш белдесуде ұлыбританиялық Чарли Янгтан басым болып, қола медаль үшін күресу мүмкіндігін алған болатын. Осылайша, спортшы 5 белдесудің 4-еуінде жеңімпаз атанды.
Гран При жарысына 40 елдің 315 спортшысы қатысты.