Сәрсенбі, Шілде 16, 2025
  • Login
Маңғыстау жастары
  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
        • Lectorium
        • Jastar Books
        • Жастар лагері
        • Жас тұлпар
        • Тегін ағылшын курсы
        • Mangystau Nauryz Fest
        • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс
Нәтиже жоқ
View All Result
  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
        • Lectorium
        • Jastar Books
        • Жастар лагері
        • Жас тұлпар
        • Тегін ағылшын курсы
        • Mangystau Nauryz Fest
        • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс
Нәтиже жоқ
View All Result
Маңғыстау жастары
Нәтиже жоқ
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Студенттік көктем-2023» облыстық фестивалі қорытындыланды

24/05/2023
Айдары: Жаңалықтар, Жас көшбасшы
0
«Студенттік көктем-2023» облыстық фестивалі қорытындыланды
577
SHARES
5.2k
VIEWS
Share on FacebookShare on WhatsappShare on Telegram

Бір аптаға созылған «Студенттік көктем-2023» облыстық фестивалі өз мәресіне жетті. Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиевтің қатысуымен өткен гала-концертте жүзден жүйрік шыққан қатысушылар мен командалар марапатталды, – деп хабарлайды mangystauzhastary.kz сайты «Ақтау студенттер Альянсы» КҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Байқауға кәсіптік-техникалық оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитын 600-ден аса студент белсенді қатысты. Олар спорттық жарыс бойынша шағын футбол, волейбол, баскетбол, үстел теннисінен сынға түсті. Сонымен қатар музыкалық қойылым бағыты бойынша өнер көрсетті.

Нәтижесінде шағын футбол турнирі бойынша 1-орынды Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі иеленді. 2-орынға Маңғыстау туризм колледжі болса, жүлделі 3-орынды Каспий жоғары педогогика және салалық технологиялар колледжі қанжығаға байлады.

Ал волейбол спорттық жарысында Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі үздік атанып, алға шықты. 2-орын Каспий жоғары педогогика және салалық технологиялар колледжіне бұйырды. 3-орынға Каспий өңірі “Болашақ” колледжі ие болды.
Ұлдар арасында өткен баскетбол турнирінде де Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі үздік атанды. 2-орынға Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі ие болса, 3-орынды Ақтау қаласы шетел тідер колледжі алды.

Үстел теннисінен 1-орынды Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі, 2-орынға Каспий өңірі “Болашақ” колледжі, 3-орынға Каспий жоғары педагогика және салалық технологиялар колледжі ие болды.

Жалпы барлық спорт түрлерінен жоғары ұпай жинап, «Үздік спорттық оқу орын» номинациясын Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі иеленді. Жеңімпаз командаға спорттық дүкенге 150 000 теңге сертификаты табысталды, 2-орынға Каспий жоғары педагогика және салалық технологиялар колледжі ие болып, 100 000 теңге сертификатын алды. Ал 3-орын Каспий өңірі “Болашақ” колледжіне бұйырды және 50 000 теңге сертификаты беріледі.

Сонымен қатар Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі музыкалық қойылым байқауында да көш бастап, 1-орын иегері атанды. Оқу орнына 150 000 теңге сертификаты табысталады. 2-орынға Маңғыстау өнер колледжі ие болып, 100 000 теңге сертификатын қанжығаға байлады. Ал 3-орын мен 50 000 теңге сертификатын Бейнеу гуманитарлық колледжі иеленеді.

Еске сала кетейік, «Студент көктемі – 2023» облыстық студенттік фестивалін 16-20 мамыр аралығында «Ақтау студенттер Альянсы» корпоративтік қоры Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен» бірлесе өткізді. Сонымен қатар Маңғыстау облысының білім басқармасы мен Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы қолдау көрсетті.

Шараның негізгі мақсаты – студент жастардың әлеуметтік әлеуетін арттыру және студенттік өмірге белсене араласатын жастарды, студентерді, студенттік топтарды анықтау. Сонымен қатар жастарды дене шынықтыру және спортпен жаппай жүйелі түрде шұғылдануға жұмылдыру.

 

1 of 15
- +
  • Үздік
  • Пікірлер
  • Соңғы
Өңірімізде «Маңғыстау жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

Өңірімізде «Маңғыстау жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

27/12/2024
Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті

16/11/2023
Жас көшбасшылардың кеңесі өтті

Жас көшбасшылардың кеңесі өтті

15/11/2023
«Jastar Startup – 2021» стартап байқауына өтінім қабылдау басталды

«Jastar Startup – 2021» стартап байқауына өтінім қабылдау басталды

22/10/2021
Ақтауда ЮНИСЕФ Халықаралық волонтёрлер желісі таныстырылды

Ақтауда ЮНИСЕФ Халықаралық волонтёрлер желісі таныстырылды

0

Ақтауда Маңғыстау жастарының игілігіне арналған «АРМАН» Коворкинг орталығы ашылды

0

Жастар жылында Маңғыстау өңірінде 100 шара өтеді

0

«Маңғыстау жастары» және жастар жылы

0
Ақтауда ЮНИСЕФ Халықаралық волонтёрлер желісі таныстырылды

Ақтауда ЮНИСЕФ Халықаралық волонтёрлер желісі таныстырылды

11/07/2025
«Ардагер өсиеті» Ақтауда: жас ұрпаққа аманат артылған рухани марафон өтті

«Ардагер өсиеті» Ақтауда: жас ұрпаққа аманат артылған рухани марафон өтті

03/07/2025
2025 жылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына конкурстық өтінімдерді қабылдау басталды

2025 жылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына конкурстық өтінімдерді қабылдау басталды

02/07/2025
Ақтауда «EDU FEST MANGYSTAU – 2025» оқу орындар жәрмәңкесі өтті

Ақтауда «EDU FEST MANGYSTAU – 2025» оқу орындар жәрмәңкесі өтті

26/06/2025
  • Өңірімізде «Маңғыстау жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

    Өңірімізде «Маңғыстау жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

    1366 shares
    Share 546 Tweet 342
  • Ақтауда жылдың үздік жастары марапатталды

    690 shares
    Share 276 Tweet 173
  • Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті

    835 shares
    Share 334 Tweet 209

Сайт мәзірі

  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
        • Lectorium
        • Jastar Books
        • Жастар лагері
        • Жас тұлпар
        • Тегін ағылшын курсы
        • Mangystau Nauryz Fest
        • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс

logo-mangustau zhastary

«Маңғыстау жастары» сайты – Маңғыстау облысының жастарына арналған ортақ интернет-платформа. Ақпараттық сайтта облыс аумағында жастардың бастамасымен және қатысуымен ұйымдастырылатын және өтіп жатқан іс-шаралардан бөлек, өңірдің түкпір-түкпіріндегі әр салада жетістікке жеткен жас көшбасшылар насихатталады.

© 2022-2023 МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ - Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының порталы ZERO.kz

Нәтиже жоқ
View All Result
  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс

© 2022-2023 МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ - Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының порталы ZERO.kz

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist