Мақсаты – қоғамның игілігі мен елдің дамуына қосқан үлесі, жемісті қызметі үшін жастар арасынан үздік белсенділер мен еріктілердің қызметін насихаттау және анықтау.
⠀
Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталады
⠀
Байқауға 16-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады.
⠀
Өтінімдер келесі номинациялар бойынша қабылданады
⠀
1. «Қайсар» жыл батыры
2. «Ыстық қайрат» еңбек адамы
3. «Нұрлы ақыл» жыл студенті
4. «Жылы жүрек» жыл волонтері
5. «Рухты белсенді» жыл белсендісі
6. Жылдың медиа-волонтері
7. Жылдың экобелсендісі
8. Жылдың әлеуметтік жобасы
9. «Жастар Рухы» Жастар қанатының үздік филиалы
10. «Жастар Рухы» Жастар қанатының үздік бөлімшесі
⠀
Өтінімдер 2022 жылғы 8-16 желтоқсан аралығында office.jastarruhy@gmail.com электрондық поштасына қабылданады.