Қарақия ауданында «Халық батыры, Ер Шабай Қонысұлы» атындағы дзюдо күресінен IV республикалық турнир басталды.
Құрық ауылында өтіп жатқан екі күнге созылатын дүбірлі дода «25-қазан – Республика күні» орай арнайы ұйымдастырылған.
Турнирдің ашылуы салтанатына жарысты тамашалауға келген аудан әкімінің орынбасары, турнирге қатысушы спортшыларды алдағы келе жатқан «25 қазан – Республика күні» мерекесімен құттықтап, жарыс жолына сәттілік тіледі.
Турнирде 2009-2010, 2011-2012 жылы туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар бақ сынауда. Сайысқа Қырғызстан, Алматы, Тараз, Түркістан, Талдықорған, Ақтөбе, Атырау қалалары мен Маңғыстау облысының Ақтау, Жаңаөзен қаласы мен Түпқараған, Бейнеу, Маңғыстау, Мұнайлы, Қарақия аудандарынан келген командалардан барлығы 500-ге жуық спортшы қатысуда.
– Бұл, республикалық турнир дәстүрге айналған, бүгінгі күні 4-мәрте және жоғары деңгейде өтуде, осы турнирдің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан Қарақия ауданы әкімдігіне, демеушілерге «Ер Шабай Қонысұлы» атамыздың ұрпақтарына рахметімізді айтамыз! Сондай-ақ, шын мықты анықталатын жарыста спортшыларға сәттілік тілейміз! – дейді турнирдің ұйымдастырушылары.