Қостанай облысының тұрғындарына гуманитарлық және психолиялық көмек көрсетуде еріктілерге ақпараттық және ұйымдастырушылық қолдау таныту мақсатында Нұр-Сұлтан қаласында Республикалық волонтерлерді үйлестіру орталығы жұмыс істейді. Біз волонтерлер мен еріктілерге ақпараттық және ұйымдастырушылық көмекті ұсынамыз.
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы республикалық Birgemiz волонтерлер фронт-офисі және Ұлттық волонтерлер желісімен бірлесіп, Қостанай облысында орын алған өрт салдарынан зардап шеккен жандарға көмек көрсеткісі келетін волонтерлерге қатысты мәліметтерді жинауда.
Жәрдем қолын созуға дайын волонтерлер өзіне қатысты мәліметтерді (байланыс нөмірлері, көрсетілетін көмек түрі) суретте көрсетілген байланыс нөмірлеріне жібере алады.