«Фактчекинг һәм оның маңызы» тақырыбында Маңғыстаулық қоғамдық пікір көшбасшылары, блогер, ҮЕҰ өкілдері үшін арнайы тренинг ұйымдастырылып, «Factchek.kz» сайтының журналисі, медиа-тренер Жансерік Тілеухан бір күн бойы жиналғандарға ақпараттың дұрыстығын анықтау жолдарын үйретті.
Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша және КЕАҚ «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен «Маңғыстау облыстық азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыуымен өткен тренигте factchekıng үшін не маңызды, ашық деректер арқылы қандай деректерге қол жеткізе аламыз, жалған ақпаратпен қандай құралдар арқылы қалай күресуге болатындығы, инфомедия: фейкпен күресу және ұлтараздық қақтығыс кезінде ақпаратты беру этикасы мен өшпенділік тілі, манипуляцияға алданбау жолдары түсіндірілді.
– Қазіргі кезде қоғамда, әлеуметтік желілерде жалған ақпарат, манипуляция және пропаганда көп таралған. Сол үшін әрбір азамат ақпаратты саралай білуі қажет, – дейді ұйымдастырушы Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсының директоры Жібек Ахметова.
Жиырмадан аса қоғамдық пікір көшбасшылары бір күн бойы ашық деректерден түрлі ақпаратты алып, тексеруді үйренді.
– Тренингте фото, видео ақпараттардың, деректердің шынайылығын тексеруге болатынын білдім. Ол үшін арнайы ресми сайттар мен бағдарламалар жөнінде, ашық дерек көздерін дұрыс пайдалануды үйрендік, – дейді тренингке қатысушы Сәбит Қаржаубайұлы.
– Тренингте қатысушылар ақпаратты үлкен аудиторияға таратып қана қоймай, нақты адамдардың пікірлеріне, іс-әрекеттеріне, мінез-құлқына нақты әсер ету қабілетін дамыту туралы білім алды, дейді Жансерік Тілеухан.