Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
«Қазақстанда 100 және одан да көп жастағы 487 азамат бар. Ең қарт қазақстандық 121 жастағы Түркістан облысының тұрғыны», – делінген хабарламада.
Ең қарт қазақстандықтардың үштігіне Түркістан облысының тұрғыны – 121 жас, Шымкент қаласы – 120 жас, Жамбыл облысы – 119 жас кірді.
Статистикаға сәйкес, 100 жастан асқан азаматтардың саны бойынша Түркістан облысы 75 адаммен көш бастап тұр. Одан кейін Алматыда 62 адам және Алматы облысында 55 адам бар.