Қазіргі әлемде адами капитал негізгі ресурс саналады. Сондықтан халыққа, бірінші кезекте жас ұрпаққа, олардың әлеуметтік өмірінің түрлі аспектісін зерделеуге ерекше назар аудару қажет. Қазақстанда тәуелсіздік жылдары жастар саны айтарлықтай өзгеріске ұшырамаған.
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында 14–29 жас аралығындағы жастар саны 3 739 802 адам, бұл ретте жастар саны 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 25 мың адамға азайған. Тұтастай алғанда, жастар санының азаюы – кейінгі 10–12 жылда байқалып келе жатқан үрдіс, жастар саны 2009 жылы 4,5 миллионнан асып, ең жоғары мәнге жеткеннен кейін азая бастаған.
2021 жылдың І жартыжылдығындағы 14–29 жас аралығындағы жастардың 56,2 %-і қала жастары болса, 43,8%-і ауыл жастарын құрайды. Олардың 51,1 %-і ер азаматтар болса, 48,9 %-і қыздар қауымы мен әйел азаматшалар.