Бүгін маңғыстаулық балуан Нұрдәулет Жарылғапов республикалық «Қазақстан Барысы» турнирінің финалдық кезеңінде күміс белбеуді жеңіп алды, – деп хабарлайды Маңғыстау жастары сайты mangystaumedia.kz сілтеме жасап.
Ол финалда Жамбыл облысының балуаны Ғалымжан Қырықбаймен кездесті.
Күміс белбеу иегері ретінде Нұрдәулет 5,5 миллион теңге жүлдені қанжығаға байлады.
Еске салайық, биыл «Қазақстан Барысы» турниріне 41 палуан қатысты. Бұл кездесуде былтырғы чемпион Мақсат Исағабылов іріктеу кезеңдерін ұтылып қалды. Ал Нұрдәулет Жарылғапов екінші жыл қатарынан финалда күміс жүлдегері атанды.