«Түпқараған жастары» жастар қоғамдық бірлестігі «Әлеуметтік жобаларды іске асыруға арналған шағын гранттар» жобасына өтінім қабылдау уақытының 3 күнге созылғандығын хабарлайды.
Яғни, өтінім қабылдау ресми түрде 9 қыркүйек, сағат 18:30-да тоқтатылатын болады. Аталған уақыттан кейін келіп түскен өтінімдер жобаға жіберілмейді,- дейді жоба үйлестірушілері.
Жоба үйлестірушілердің қосымша мәліметінше, қазіргі уақытта әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға арналған шағын гранттар жобасына 7 қыркүйек, сағат 20:00-дегі дерек бойынша, 120 өтінім келіп түскен.
Жобаға өтінім қабылдыру туралы толық мәлімет төмендегі сілтеме арқылы қолжетімді:
https://drive.google.com/drive/folders/1uq6scnxUFPInbdKDzEaRdc5OKwqW8zJm