Отбасы күні қарсаңында Ақтау қаласында 7 жас жұбайға салтанатты түрде неке туралы куәлік табыс етілді.
Неке қию туралы куәлікті тапсыру салтанаты қала әкімінің орынбасары Әбілқайыр Байпақовтың қатысуымен өтті.
-Сіздерді заңды некелеріңізбен құттықтаймын. Қала әкімінің атынан Сіздерді осы тамаша және көптен күткен күндеріңізбен құттықтаймын. Жыл басынан бері Ақтауда 1598 жұп неке қидырды. Бір-бірлеріңізді құрметтеңіздер, Сіздерге зор денсаулық және көп балалы ата-ана болуларыңызды тілеймін, – деді Ә.Байпақов.
Қалалық АХАТ бөлімінің мәліметінше, бүгін, 9 қыркүйекте 33 жас жұбай неке қидырып, жүректерін біріктірді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда қыркүйектің әрбір екінші жексенбісі Отбасы күні атап өтіледі. Биыл бұл күн 11 қыркүйек.