Ақтауда М.Әуезов атындағы №20 қазақ орта мектебі мен №29 Ф.Оңғарсынова атындағы мектепте мотивациялық кездесу өтеді. Кездесу Маңғыстау облыстық білім басқармасының тапсырысы аясында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен «7 Zhurt» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізіледі.
Негізгі мақсат – жастардың өмірге деген қызығушылығын арттыру, бүгіні мен ертеңіне деген көзқарасын дамыту, рухани кемелдікке, өнер мен білімге баулу.
Мотивациялық кездесуге өңірге белгілі әнші, актриса Асылтас Аяп және Халықаралық дәрежедегі дзюдо төрешісі, «Жас батыр» спорт мектебінің басшысы Жомарт Қобланов қатысады. Оқушылармен пікір алмасып, ой бөліседі. Нақтыласақ, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырып, жетістікке жету жолында еңбек етудің маңызын түсіндіреді. Сонымен қатар мақсат қою, үздіксіз даму, қоғаммен байланысты арттырып, білім биігіне шығу, қоршаған ортаға жанашырлық танытудың өмірде маңызды екенін тілге тиек етеді.
Шара барысында оқушылар сұрағын қойды, қызықты сұрақ иесіне сыйлықтар табысталады. Кездесу Асылтас Аяптың әсем әнімен аяқталады.
Айта кетейік, мотивациялық кездесу «Бағыттайық» жобасы аясында өтеді.










