Бүгін Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Отан – оттан да ыстық» облыстық атты жас ақындар айтысы өтті.
Жас ақындардың бәйгесінде облыстың түпкір-түпкірінен келген 8 ақын бақ сынасты. Дүбірлі додада «Жыр жебе» ақындар мектебінің директоры Фархад Мұсаев, Маңғыстау облысының ақындары Жандос Демесін, Еділ Бекмұратов төрелік етті.
ВИДЕО: https://youtube.com/shorts/sf2Y3shvO9
Отан туралы толғамды ойларымен бөліскен жас ақындар өзара сайысқа түсті. Нәтижесінде Бейнеу ауданының жас ақыны Нұрсұлтан Оңғарбаев жүлделі 1-орынды қанжығаға байлады. 2-орынды ақтаулық Ердәулет Сардар еншілесе, 3-орынды Бейбіт Байжігіт алды.
Шара соңында Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының басшысы Мұқаш Оралбай мен «Жыр жебе» ақындар мектебінің директоры Фархад Мұсаев сөз сөйлеп, жас ақындарды құттықтап, алғыс хат табыстады.