Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы болып Мұқаш Оралбай тағайындалды. Ол бұған дейін облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы қызметін атқарды, – деп хабарлайды орталықтың баспасөз қызметі.
Мұқаш Оралбай Батыс Қазақстан облысындағы Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде «Менеджмент» мамандығын бітірген.
Еңбек жолын 2016 жылы «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ Маңғыстау облыстық филиалының маманы болып бастады.
2017 – 2020 жылдар аралығында Маңғыстау облысы әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ эксперті, «Бекен» жас көшбасшылар достастығы ҚК директоры, Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығында «жастар жобалары және шығармашылық» бөлімінің маманы, бөлім басшысы, орталық директоры орынбасарының міндетін атқарушы қызметтерін атқарды.
2020 – 2023 жылдар аралығында Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары болды.
2023 жылдың сәуір айынан бастап осы уақытқа дейін Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығын басқарды.
Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының жаңа басшысына сәттілік, толағай табыс пен жетістік тілейміз!