Халықаралық «DANCE BATTLЕ» би байқауында мұнайлылық «Қыздәурен» би ансамблі жүлделі 1-орынды жеңіп алды.
Жарыс Шымкент қаласында өтті. Оған ТМД аумағынан әр түрлі би топтары қатысқан.
Фариза Оңғарсынова атындағы аудандық орталық мәдениет үйінен шыққан «Қыздәурен» би тобы қазақ және өзбек биін биледі.
– Би тобы құрамында 8-12 жастағы 11 қыз өнер көрсетті. Байқау шартына сәйкес, 2 би ұсындық: қазақ және өзбек. Жүзден жүйрік атанып, 1-орынды иеленген ұжымды құттықтаймын. Әлі де талай биік белестерді бағындыра бергей, – деді мәдениет үйінің директоры Ақмарал Нәрембаева.
Байқау нәтижесі бойынша өнерпаздарға қаржылай сыйлық пен Алғыс хат табысталды.