17 жастағы қазақстандық шахматшы төрт дүркін әлем чемпионы Хо Ифанды жеңді. Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясы мәлімдеді.
«Меруерт Камалиденова шахматтан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы және 2022 жылғы классикалық шахматтан Қазақстан Республикасының чемпионы. Ол төрт дүркін әлем чемпионы Хо Ифанға бірде бір мүмкіндік бермей, сенімді түрде жеңіске жетті!» – делінген хабарламада.
Дереккөз: tengrinews.kz