Халықаралық қарттар күніне орай Маңғыстау облысының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Ақтау қаласының 1Б шағын ауданындағы қарттар үйінде мерекелік кездесу өтті.
Ізгілікке негізделген шараға жастар мен волонтерлер қатысып, қарияларға арнайы барып, мерекелік көңіл күй сыйлады.
Шара қонақтарына арнап жастар тарапынан арнайы концерттік бағдарлама ұсынылды. Әсем әндер шырқалып, мерекелік атмосфера қалыптасты. Сонымен қатар жастар қарияларға ақжолтай тілектерін айтып, сый-сияпаттарын табыстады.
Аталған кездесу – ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету сынды ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған тағылымды шаралардың бірі болды.














