Жуырда «Мangystau» телеарнасының «Кеш жарық» атты жаңа бағдарламасы көрермендерге жол тартады. Телехабарға өңірге танымал тұлғалар, музыканттар, жазушылар, өнер қайраткерлері, қатысады. Бағдарламаның басты мақсаты – көзі қарақты көрерменнің көңіл сарайын ашу.
– Бағдарламада отбасы құндылығы, жастармен сұхбат, зиялы қауым өкілдерімен емен-жарқын әңгімеден бөлек, қызықты ойындар, әсем әндер, талантты жандардың басқосуы көрініс табады. Бағдарламаның аты айтып тұрғандай отбасымен бірге, кешкі уақытта көретін жақсы бір өнім болады деп есептейміз,-дейді бағдарлама жүргізушісі Мереке Мусаев.