Бүгін маңғыстаулық тұрғындар Қостанай облысында болған төтенше жағдайға байланысты жылу жинауды бастады. Ол үшін «АMANAT» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы және «Жастар рухы» жастар қанаты жанынан облыстық штаб құрылды.
Таңертең сағат 09:00-ден бастап ақпараттық жұмыстар жүргізілді. Соның нәтижесінде бүгін кешке дейін жарты тонна гуманитарлық көмек жиналды.
Әзірге 10 қап ұн, 100 келі макарон, 40 литр сұйық май, 30 келі тұз, 10 қап қарақұмық, 5 қап күріш, 20 банка консерленген ет, 6 қап қант, 20 келі шай, 6 қорап тәтті жинады. Одан бөлек химиялық, тұрмыстық заттар мен киім-кешектер жиналды.
Аталған гуманитарлық көмекті жинауға облыс тұрғындары, өңір кәсіпкерлері, партия мүшелері мен белсенді жастар атсалысты.
Қазір Ақтау қаласы бойынша екі жерде, яғни 17 шағынаудан 50/1 қалалық «AMANAT» партиясының ғимараты және 6 шағынаудандағы «Жастар үйі» гуманитарлық көмек қабылдап жатыр. Сондай-ақ, барлық аудан, қалада штаб жұмыс істеп тұр.
Қостанайлықтарға қолдау көрсету ертең де жалғасады.