Суббота, 28 марта, 2026
  • Login
Маңғыстау жастары
  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
        • Lectorium
        • Jastar Books
        • Жастар лагері
        • Жас тұлпар
        • Тегін ағылшын курсы
        • Mangystau Nauryz Fest
        • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс
Нәтиже жоқ
View All Result
  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
        • Lectorium
        • Jastar Books
        • Жастар лагері
        • Жас тұлпар
        • Тегін ағылшын курсы
        • Mangystau Nauryz Fest
        • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс
Нәтиже жоқ
View All Result
Маңғыстау жастары
Нәтиже жоқ
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Маңғыстаулық жастар Тимур Бектұрмен кездесті

10/10/2023
Айдары: Жаңалықтар
0
Маңғыстаулық жастар Тимур Бектұрмен кездесті
594
SHARES
5.4k
VIEWS
Share on FacebookShare on WhatsappShare on Telegram

Кеше Ақтауда ІТ-ағартушы Тимур Бектұр маңғыстаулық жастармен кездесіп, жасанды интеллекттің мүмкіндіктері мен болашағы жайлы сөз қозғады.

Жасанды интеллект күн өткен сайын қарқынды дамуда. Оның мүмкіндіктері арқылы әлем өзгеруде. Эндрю Ынның айтуынша, жасанды интеллект – электр энергиясымен бірдей. Тіпті, төртінші өнеркәсіптік революциядағы негізгі технологияларының бірі десек те болады.

Тимур Бектұрдың айтуынша, телефонды қолданушылардың саны 50 млн-ға жету үшін 75 жыл қажет болған. Радиоға 38 жыл, теледидарға 13 жыл, интернетке 4 жыл, фейсбукке 2 жыл, инстаграмға 19 ай керек болған. Ал бүгінде Тик-Токқа күн сайын 50 млн адам кіреді екен. Міне, технологияның даму қарқыны осылай. Соның әсерінен бүгін актуалды болған нәрсе, ертең маңыздылығын жоғалтуы әбден мүмкін. Сондықтан да ол кез келген технологиялық дүмпуге дайын болу үшін жастарды ІТ сауаттылықты арттыруға, жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға шақырды.

«Қазір күнделікті өмірімізде шағын функциаларды атқаратын жасанды интеллект бар. Біз оны байқай бермеуіміз мүмкін, бірақ соның күші арқылы өміріміз біршама жеңілдеуде. Мәселен, таксидің неше минутта келуі, белгілі бір орынға қанша минутта жетуі, кептелістің бар-жоғын анықтау, сіз тұрған жерге жақын орналасқан нысандарды көрсету, фото, видеоны өңдеу сынды функцияларды орындауда. Демек, жасанды интеллекттің жылдамдығы арқылы адамдардың уақыты, жүйкесі, ақшасы үнемделіп жатыр», — дейді Тимур Бектұр.

Жасанды интеллекттің қауқары мамандарды алмастыруға дейін жетеді. Десе де ІТ-ағартушы Тимур Бектұр қазақстандықтарға бұл тұжырымнан шошымау керектігін тілге тиек етті.

«Жасанды интеллект мамандықтардың рөлін атқарып, мамандарды алмастыруы мүмкін. Бұдан қорықпауымыз керек, себебі мұндай деңгейге жету үшін біздің елге көп уақыт қажет. Бірақ технологиялық дүмпу деген қызық дүние, бір орында тұрмайды. Бұған дейін қазақ қоғамы генеративті АІ жайлы біліп, тіпті естіген жоқ еді. Негізі оның жасалып жатқанына 10 жылдай уақыт болған. Технологиялық дамудың шыңына шыққаннан кейін лабораториялық деңгейден әлемдік деңгейге шығарды. Мысалы, ChatGPT-ге 5 күнде 1 млн қолданушы, 2 айда 100 млн қолданушы кірген. Өйткені, оған сұраныс болды. Осындай сәтте мамандықтарда трансформация болып жатыр. Қазір Америкада ChatGPT-ді сабақ барысында қолдану жайлы талқылаулар болуда, мұның өзі мұғалімді жартылай алмастырады деген сөз. Сонымен қатар денсаулық сақтау, жылжымалы мүлік индустриясы, сақтандыру саласына да өзгерістер әкеліп жатыр. Себебі өте жақсы ассистент, болжам жасаушы, контент жасаушы бола алады», — дейді Тимур Бектұр.

Қалай десек те өміріміз жасанды интеллектпен тығыз байланысты. Сондықтан осы сәттен бастап цифрлық сауаттылықты меңгеріп, жасанды интеллект арқылы дамиық.

Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттерді түсірген Асхат МЕКЕ

 

1 of 35
- +
  • Үздік
  • Пікірлер
  • Соңғы
Өңірімізде «Маңғыстау жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

Өңірімізде «Маңғыстау жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

27/12/2024
Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті

16/11/2023
«Jastar Startup – 2021» стартап байқауына өтінім қабылдау басталды

«Jastar Startup – 2021» стартап байқауына өтінім қабылдау басталды

22/10/2021
Жас көшбасшылардың кеңесі өтті

Жас көшбасшылардың кеңесі өтті

15/11/2023
Балалар үйінде тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

Балалар үйінде тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

0

Ақтауда Маңғыстау жастарының игілігіне арналған «АРМАН» Коворкинг орталығы ашылды

0

Жастар жылында Маңғыстау өңірінде 100 шара өтеді

0

«Маңғыстау жастары» және жастар жылы

0
Балалар үйінде тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

Балалар үйінде тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

18/03/2026
2024 жылға арналған «Маңғыстау жастары» тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген несиелеу бағдарламасынан үй алған қатысушылар тізімі

2024 жылға арналған «Маңғыстау жастары» тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген несиелеу бағдарламасынан үй алған қатысушылар тізімі

13/03/2026
«Адал азамат» кағидаты аясында жастар Кинология кызметімен танысты

«Адал азамат» кағидаты аясында жастар Кинология кызметімен танысты

10/03/2026
«Іскерлікке алғашқы қадам» мастер-классы өтті!

«Іскерлікке алғашқы қадам» мастер-классы өтті!

09/03/2026

Сайт мәзірі

  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
        • Lectorium
        • Jastar Books
        • Жастар лагері
        • Жас тұлпар
        • Тегін ағылшын курсы
        • Mangystau Nauryz Fest
        • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс

logo-mangustau zhastary

«Маңғыстау жастары» сайты — Маңғыстау облысының жастарына арналған ортақ интернет-платформа. Ақпараттық сайтта облыс аумағында жастардың бастамасымен және қатысуымен ұйымдастырылатын және өтіп жатқан іс-шаралардан бөлек, өңірдің түкпір-түкпіріндегі әр салада жетістікке жеткен жас көшбасшылар насихатталады.

© 2022-2023 МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ - Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының порталы ZERO.kz

Нәтиже жоқ
View All Result
  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс

© 2022-2023 МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ - Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының порталы ZERO.kz

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist