Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысымен, «Қолдау» орталығы» жеке меншік мекемесінің ұйымдастыруымен 22-23 мамыр күндері маңғыстаулық жастар Ақтау, Жаңаөзен, Форт-Шевченко қалаларында мемлекет және қоғам қайраткері, тіл жанашыры Асанғазы Оразкүл Асанғазықызымен «Отбасы құндылықтары және ұлттық тәрбие» тақырыбында кездесу өткізді.
Іс-шараның мақсаты — отбасы құндылықтары мен ұлттық тәрбиені насихаттау, жас отбасыларға түсінік жұмыстарын жүргізу және ұл тәрбиесі мен қыз тәрбиесінің ұлттық моделін насихаттау болып табылады. Өңіріміздің үш қаласында өткен кездесулерге жалпы жиыны 700-ге жуық адам жиналды.
Кездесулерде қоғам қайраткері, бүгінде қоғамның өзекті мәселесіне айналған ажырасу жайы мен отбасы құндылықтарын айтып, қатысушыларға ерекше әсер етті. Ұлтын ұлықтаған азамат жастарды өз елін-жерін сүюге, мемлекеттік тілде әрқашан сөйлеуге шақырды. Әрбір жасқа рух беріп, отбасының маңыздылығын жастарға ұғындырған бұл кездесу рухани азық болары анық. Мемлекет және қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызы бар жан-тәнімен жастарға отбасының аман сақтап қалу керектігін және бүгінгі қоғамда әлеуметтік желінің тым ашықтығын тілге тиек етіп, ажырасудың да жиі орын алып жатқандығын да айтты. Кездесуге келген үлкен мен кіші де сауалдарын қойып, ақжарма тілектерін жеткізді.