Суббота, 14 марта, 2026
  • Login
Маңғыстау жастары
  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
        • Lectorium
        • Jastar Books
        • Жастар лагері
        • Жас тұлпар
        • Тегін ағылшын курсы
        • Mangystau Nauryz Fest
        • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс
Нәтиже жоқ
View All Result

Басты бет Жаңалықтар

Маңғыстаулық жасөспірімдерді не алаңдатады?

02/04/2024
Айдары: Жаңалықтар
0
573
SHARES
5.2k
VIEWS
Share on FacebookShare on WhatsappShare on Telegram

Маңғыстауда жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсау дерегі азаймай тұр. Соңғы 3 жылда 10-нан астам бала суицидке оқталған. Бұл туралы полиция қызметкерлерінің қатысуымен өткен «Жасөспірімдермен тиімді қарым-қатынас» тренингінде айтылды.

Статистикалық дерекке сүйенсек, әлемде әрбір бесінші адам жасөспірім қатарына жатады. 11-12 жастан бастап, 15-16 жасқа дейінгі балалар осы санатқа кіреді. Бүгінде қоғамдағы өзекті мәселелер де жасөспірімдерге қатысты. Атап айтсақ, Маңғыстауда жасөсіпімдер арасында суицидтен бөлек, құқықбұзушылық, оның ішінде ұрлық, төбелес, түнгі мезгілде жүру көрсеткіші көңіл көншітпей тұр.

“Сенімен Болашақ” РҚБ Маңғыстау облыстық филиалы ұйымдастыруымен өткен тренингте осы мәселелер талқыланды. Өңірдегі 2 қала, 5 ауданның 200-ден астам құқық қорғау қызметкері аймақтарында жиі болатын проблемаларды атап өтті.

Мәселен, Мұнайлы ауданы Ювеналды полиция қызметкерлерінің айтуынша, бір ғана “Түнгі қаладағы балалар” шарасы кезінде қаңғыбастыққа салынған 40-қа жуық жасөспірім Маңғыстау облыстық бейімдеу орталығына орналастырылған. Түнгі 23.00-6.00 аралығында үйінен тыс жүрген жастардың ата-анасы жауапкершілікке тартылып, 61-і қолайсыз отбасы есебіне алынған. Әсіресе, есепте тұрған балалармен жұмыс жүргізу қиындық келтіреді.

Сонымен қатар ауданда суицидке оқталған жасөспірімдер саны азаймай тұр. Мұнайлы ауданында өткен тренингте психолог Асем Телегенова алдымен, суицидке итермелейтін себептерді атап өтті. Нақтыласақ, жүйке жүйесінің сыр беруі мен әлеуметтік, қаржылық, отбасылық қиындықтардың шешімін таба алмау сияқты жағдайлар бар. Ал балалар арасындағы суицид ата-ана арасындағы кикілжің, балалардың өзара кикілжіңі, мұғалімдер тарапынан айтылған ескертпелерден кейін болады. Қызметкерлер психологтан суицид жасауға бейім балалардың мінез-құлқы, оларға көмектесудің жолдары туралы ақпарат алды.

Ал Қарақия, Маңғыстау ауданында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық белең алса, бейнеулік жасөспірімдерде ерте жүктілік пен зорлық-зомбылық оқиғалары көбейген.

Әр ауданда өткен тренингте осы көрсеткіштер бойынша жасөспірімдермен қарым-қатынас жасау жолдары айтылды.

Бұдан бөлек “Сенімен Болашақ” РҚБ Маңғыстау облыстық филиалы ұйымдастыруымен өткен тренингте жасөспірім жастағы кризис ұғымы, түнгі мезгілде ауыл арасында жиі жүретін балаларды бақылау, олардың ата-анасына қадағалау бойынша кеңес беру,  әр жастағы балаларда кездесетін мәселелерді оңтайлы шешу жолдары бойынша дәріс оқылды.

-Шараны «Сенімен Болашақ» РҚБ Маңғыстау облыстық филиалы ұйымдастырып, облыс әкімдігі қолдау көрсетті. Жалпы, өңір бойынша 200-ден астам құқық қорғау қызметкерін қамту жоспарда тұр. Тренингте мамандар қызметіне қажетті сұрақтарды да қойды. Оның ішінде зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалармен қарым-қатынас орнату тәсілдері, суицидке бейім балалардың ата-анасына психологиялық көмек көрсету және лудомания, ойынқұмарлық мәселелері, деструктивті діни ағымдар туралы сауалдарға жауап берілді. Сонымен қатар бірлестіктің миссиясы мен мақсаты, елдегі басқа өңірлерінде орындалып жатқан жобалар таныстырылды, — деді психолог Асем Телегенова.

  • Үздік
  • Пікірлер
  • Соңғы
Өңірімізде «Маңғыстау жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

Өңірімізде «Маңғыстау жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

27/12/2024
Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті

16/11/2023
«Jastar Startup – 2021» стартап байқауына өтінім қабылдау басталды

«Jastar Startup – 2021» стартап байқауына өтінім қабылдау басталды

22/10/2021
Жас көшбасшылардың кеңесі өтті

Жас көшбасшылардың кеңесі өтті

15/11/2023
2024 жылға арналған «Маңғыстау жастары» тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген несиелеу бағдарламасынан үй алған қатысушылар тізімі

2024 жылға арналған «Маңғыстау жастары» тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген несиелеу бағдарламасынан үй алған қатысушылар тізімі

0

Ақтауда Маңғыстау жастарының игілігіне арналған «АРМАН» Коворкинг орталығы ашылды

0

Жастар жылында Маңғыстау өңірінде 100 шара өтеді

0

«Маңғыстау жастары» және жастар жылы

0
2024 жылға арналған «Маңғыстау жастары» тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген несиелеу бағдарламасынан үй алған қатысушылар тізімі

2024 жылға арналған «Маңғыстау жастары» тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген несиелеу бағдарламасынан үй алған қатысушылар тізімі

13/03/2026
«Адал азамат» кағидаты аясында жастар Кинология кызметімен танысты

«Адал азамат» кағидаты аясында жастар Кинология кызметімен танысты

10/03/2026
«ТалпынХалық–2025»: Маңғыстауда жастарға арналған алғашқы стартап-байқаудың қорытындысы шықты

«ТалпынХалық–2025»: Маңғыстауда жастарға арналған алғашқы стартап-байқаудың қорытындысы шықты

22/12/2025
Жаңаөзенде Halyk қоры жаңа спорт кешенін салып жатыр: құрылыс қарқыны қалай?

Жаңаөзенде Halyk қоры жаңа спорт кешенін салып жатыр: құрылыс қарқыны қалай?

04/12/2025

Сайт мәзірі

  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
        • Lectorium
        • Jastar Books
        • Жастар лагері
        • Жас тұлпар
        • Тегін ағылшын курсы
        • Mangystau Nauryz Fest
        • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс

logo-mangustau zhastary

«Маңғыстау жастары» сайты — Маңғыстау облысының жастарына арналған ортақ интернет-платформа. Ақпараттық сайтта облыс аумағында жастардың бастамасымен және қатысуымен ұйымдастырылатын және өтіп жатқан іс-шаралардан бөлек, өңірдің түкпір-түкпіріндегі әр салада жетістікке жеткен жас көшбасшылар насихатталады.

© 2022-2023 МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ - Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының порталы ZERO.kz

Нәтиже жоқ
View All Result
  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс

© 2022-2023 МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ - Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының порталы ZERO.kz

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist