Суббота, 28 марта, 2026
  • Login
Маңғыстау жастары
  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
        • Lectorium
        • Jastar Books
        • Жастар лагері
        • Жас тұлпар
        • Тегін ағылшын курсы
        • Mangystau Nauryz Fest
        • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс
Нәтиже жоқ
View All Result

Басты бет Жаңалықтар

Маңғыстаулық тұрғындар Нұрлан Байжігітұлымен кездесті

01/06/2023
Айдары: Жаңалықтар
0
Маңғыстаулық тұрғындар Нұрлан Байжігітұлымен кездесті
578
SHARES
5.3k
VIEWS
Share on FacebookShare on WhatsappShare on Telegram

Ақтауда Н. Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театрда елге белгілі дінтанушы, имам Нұрлан қажы Байжігітұлы облыс тұрғындарымен кездесті, — деп хабарлайды mangystauzhastary.kz сайты Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.

Кездесу Маңғыстау облысы әкімдігінің бастамасымен, өңірлік дін істері басқармасы қолдауының және «JasArt» жекеменшік мекемесінің гранты аясында ұйымдастырылды.

— Қазіргі таңда дүйім жұрттың діни сауатын арттыру мәселесі өте өзекті және қоғамда дәстүрлі наным-сенім құндылықтары, ислам мен дәстүр сабақтастығы туралы сауалдар көп екенін байқадық. Сол себепті елге белгілі тұлғалар мен діни ағартушыларды арнайы шақырып, кездесу ұйымдастыруды жөн санадық, — деді Жастар ресурстық орталығының басшысы Мұқаш Оралбай.

Нұрлан Байжігітұлы 1991 жылдан бері дін саласында қызмет етеді. Ол «Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті» университетінде, Татарстанда және психология саласын Мәскеуде меңгеріп, Қырғызстан мен Өзбекстанда да діни білім алған. Бүгінде Астана қаласындағы Ырыскелді қажы мешітінің бас имамы болып қызмет етеді. Кездесуде қазақ халқының рухани кемелденуі жөнінде әңгіме өрбітіп, ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында Қазақстанның ірі қалаларында тұрғындармен рухани кеш өткізіп жүргенін атап өтті.

— Бүгін біз дін мен дәстүр үйлесімін, үндестігін сақтау турасында ой қозғадық. Сонымен қатар жастардың жат ағымға бет бұруының алдын алу, ата дәстүрді ұлықтау жөнінде әңгімеледік. Еліміздегі күрделі мәселелердің бірі отбасылық құндылықтар жайлы да сөз еттік, — деді Нұрлан Байжігітұлы.

Кездесуге 700-ден астам тұрғын жиналды. Қала тұрғыны Айсәуле Бекішқызы имамды алғаш рет тик-ток желісінен көрген. Ол жиынға өз сұрақтарына жауап алу үшін келгендігін айтты.

— Нұрлан имам әлеуметтік желіде өзінің көркем мінезімен, әдемі сөзімен, имандылығымен, адамдарды адалдыққа шақыруымен көпшілікті баурай алды. Діни әңгімелердің жаңа форматы жастардың да көңілін лезде аулады. Кездесу керемет әсерлі өтті. Өзімнің алаңдап жүрген ішкі сұрақтарымның барлығына дерлік жауап алдым, — деді тұрғын.

Айта кетейік, 1 маусым күні имам Ақтау қаласының халқымен қатар Мұнайлы ауданының тұрғындарымен кездесті. Ал 2 маусым күні Жаңаөзен қаласының жұртшылығымен «Мұнайшы» мәдениет үйінде сағат 16:00 — де жүздеседі.

1 of 19
- +
  • Үздік
  • Пікірлер
  • Соңғы
Өңірімізде «Маңғыстау жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

Өңірімізде «Маңғыстау жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

27/12/2024
Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті

16/11/2023
«Jastar Startup – 2021» стартап байқауына өтінім қабылдау басталды

«Jastar Startup – 2021» стартап байқауына өтінім қабылдау басталды

22/10/2021
Жас көшбасшылардың кеңесі өтті

Жас көшбасшылардың кеңесі өтті

15/11/2023
Балалар үйінде тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

Балалар үйінде тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

0

Ақтауда Маңғыстау жастарының игілігіне арналған «АРМАН» Коворкинг орталығы ашылды

0

Жастар жылында Маңғыстау өңірінде 100 шара өтеді

0

«Маңғыстау жастары» және жастар жылы

0
Балалар үйінде тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

Балалар үйінде тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

18/03/2026
2024 жылға арналған «Маңғыстау жастары» тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген несиелеу бағдарламасынан үй алған қатысушылар тізімі

2024 жылға арналған «Маңғыстау жастары» тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген несиелеу бағдарламасынан үй алған қатысушылар тізімі

13/03/2026
«Адал азамат» кағидаты аясында жастар Кинология кызметімен танысты

«Адал азамат» кағидаты аясында жастар Кинология кызметімен танысты

10/03/2026
«Іскерлікке алғашқы қадам» мастер-классы өтті!

«Іскерлікке алғашқы қадам» мастер-классы өтті!

09/03/2026

Сайт мәзірі

  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
        • Lectorium
        • Jastar Books
        • Жастар лагері
        • Жас тұлпар
        • Тегін ағылшын курсы
        • Mangystau Nauryz Fest
        • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс

logo-mangustau zhastary

«Маңғыстау жастары» сайты — Маңғыстау облысының жастарына арналған ортақ интернет-платформа. Ақпараттық сайтта облыс аумағында жастардың бастамасымен және қатысуымен ұйымдастырылатын және өтіп жатқан іс-шаралардан бөлек, өңірдің түкпір-түкпіріндегі әр салада жетістікке жеткен жас көшбасшылар насихатталады.

© 2022-2023 МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ - Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының порталы ZERO.kz

Нәтиже жоқ
View All Result
  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс

© 2022-2023 МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ - Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының порталы ZERO.kz

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist