Маңғыстаулық самбошылар Орал қаласында өткен «Чемпиондар додасы» атты ашық қала аралық турнирге қатысты.
Самбо күресінен жарыста 2006-2007 ж.т. жасөспірім мен 2008-2009 ж.т. кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар бақ сынады. Нәтижесінде өңір спортшылары 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медальді қанжығаға байлады.
53 келі және 79 келі салмақпен сынға түскен Ғани Орысбайұлы мен Мұрат Ықылас 1-орынға ие болды. 2-орынды 53 келі салмақ пен 42 келі салмақта күрескен Сағыныш Қуанышұлы, Мирас Оразбай алды. Ал 3-орынды Сабыржан Сариев қанжығаға байлады.
Өңірден аттанған 15 жас спортшының жол шығынын «Жеті жұрт» қоғамдық бірлестігі «Жол жүру гранты» аясында өтеді.
Жарыстың мақсаты – самбо күресінің танымалдығын арттыру, жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және жас самбошылардың шеберлігін шыңдау.
Еске салайық, «7 жұрт» қоғамдық бірлестігі Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысы негізінде Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесе жол жүру гранты жобасын іске асты. Жоба аясында жол жүру грантының спорттық іс-шара бағытына 60-тан аса өтінім түскен. Соның ішінде 25 жасқа жол жүру гранты берілді.