Маңғыстау облысының екі дзюдошысы ақпан айында Парижде өтетін Гранд Слэм бәсекесіне қатысады. Асқар Нарқұлов пен Руслан Мұсаев кезекті реті халықаралық ауқымда жарыста ел намысын қорғамақ.
Ұлттық құраманың бас бапкері Нұрбол Сүлейменовтің сөзінше, бұл сында Қазақстан атынан 14 дзюдошы белдеседі. Олардың қатарында Олимпиада Ойындарының екі дүркін жүлдегері Елдос Сметов пен әлем чемпионатының жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев бар.
Қазақстандық татами шеберлері ақпан айында Франция астанасына аттанады.
Олардың қатарында Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев (60 кг), Ғұсман Қырғызбаев, Есен Қуанов (66 кг), Асқар Нарқұлов, Данияр Шамшаев (73 кг), Абылайхан Жұбаназар, Руслан Мұсаев (81 кг), Айдар Арапов, Ермахан Әнуарбеков (90 кг), Нұрлыхан Шархан, Бекзат Шағатаев (-100 кг), Ғалымжан Қырықбай, Ерасыл Қажыбаев (+ 100 кг) сынды дзюдошылар бар.
Руслан Мұсаев пен Асқар Нарқұлов соңғы рет 2023 жылдың желтоқсан айында Токиода өткен Гранд Слэм бәсекесінде белдесті. Өкінішке қарай, жерлестеріміз жылдың соңғы жарысынан олжасыз оралды.