Биыл жетістікке жеткен өңірдің бірқатар дарынды оқушылары марапатталды.
Салтанатты шараға өңірлік балалар құқықтары жөніндегі уәкілі, мемлекеттік орган қызметкерлері, ҮЕҰ өкілдері, мектеп басшылары мен дарынды оқушылар қатысты.
-ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Балалар жылы» жылы деп жариялаған 2022 жыл аяқталмақшы. Балалар жылы өскелең ұрпақтың сапалы білім мен саналы тәрбие алуына, толыққанды қосымша оқумен қамтылуына, денсаулығын нығайтуға, құқықтарын іске асыруға, отбасылық және адамгершілік-рухани құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған, жүзеге асқан жобаларға, ашылған әлеуметтік нысандарға шолу жасалды, дейді облыстық білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева.
Шара соңында бірқатар оқушылар мен студенттерге «Балалар жылы-2022» статуэткасы мен бағалы сыйлықтар табысталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осы бағыттағы жұмыстар келер жылы да жалғаса бермек.