Дзюдодан 73 келіде күресетін ұлттық құрама мүшесі сәуір айының 20-23 күндері Қытайдың Гонконг қаласында өтетін Азия чемпионатында сынға түседі.
Маңғыстаулық дзюдошы бүгінде ҚР ұлттық құрамасымен бірге құрлық додасына дайындығын пысықтап жатыр.
Ел чемпионатында үздік атанған өңірдің белгілі татами шеберіне бапкерлер ерекше сенім артып отыр. Сондай-ақ, Азия біріншілігінде Асқар Нарқұловпен бірге Олимпиада Ойындарының екі дүркін жүлдегері Елдос Сметов, әлем чемпионатының жүлдегері Абиба Әбужақынова да ел намысын қорғайды.