Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткен «Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті» республикалық конкурсына Маңғыстау облысынан үздік 10 студент жолданды.
2022 жылдың 1-15 қараша аралығында TOP 100 OUTSTANDING KZ TVEY STUDENTS платформасына онлайн дауыс беру жүйесi арқылы өтіп, 5 студент «Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті» атағына ие болды.
Олар:
Халел Өзбекқалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің студенттері Тасхайров Алмас Ержанұлы;
Халел Өзбекқалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің студенті Құралбай Назерке Сүлейменқызы;
Каспий педагогика және салалық технологиялар колледжінің студенті Исакова Айдана Махмудқызы;
Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің студенті Сугурбаев Кажымухан Полатұлы;
Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің студенті Жолдасханов Тұрар Абатұлы.