Бүгін жеңімпаздардың екінші легі Грузияның Тбилиси қаласына жетті. Маңғыстаулықтарды көңілді әрі білімге толы сапар күтіп тұр. Себебі үш күн бойы Тбилиси қаласындағы жастардың кәсіпкерлік, әлеуметтік, мәдени бағыттағы жұмысымен танысады.
«Біз үшін бәрі қызық болғалы тұр. Себебі шетелдік тәжірибе, жаңа орта, тың идея болады деп ойлаймын. Тағылымдамадан мейлінше көп тәжірибе жинақтауға және шабыт алатыныма сенімдімін. Нәтижесін өңір жастарымен бөлісуге асықпын», – дейді көшбасшы Нұрсұлтан Мырзабек.
Айта кетейік, аталған жоба Маңғыстау облыстық жастар саясаты басқармасының тапсырысы негізінде Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен “Бекен” жас көшбасшылар достастығының ұйымдастыруымен орындалып жатыр.