Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен Ақтау қалалық суретшілер одағы «Жеті түс» жобасын жүзеге асыру арқылы бейнелеу өнерін дамыту» жобасын жүзеге асыруда.
Жоба аясында өңірдегі суретшілерге арналған отандық және шетелдік суретшілердің шеберлік сағаты, отандық және өңір суретшілерінің вернисажы, шетелдік сарапшылардың қатысуымен бейнелеу өнерін дамыту тақырыбы бойынша «Жеті әлем – жеті түс» тақырыбындағы симпозиумы, шетелдік және облыс суретшілерінің этюд жазуы үшін «Мың бояулы Маңғыстау» пленэрі өтеді.
Сонымен қатар, жобаны жүзеге асыру барысында бірлестік Нұр-сұлтан қаласында «Жұмбақ жайлап, аңыз өрген – Маңғыстау!» өңір суретшілерінің көрмесін ұйымдастырады деп күтілуде.