Суббота, 28 марта, 2026
  • Login
Маңғыстау жастары
  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
        • Lectorium
        • Jastar Books
        • Жастар лагері
        • Жас тұлпар
        • Тегін ағылшын курсы
        • Mangystau Nauryz Fest
        • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс
Нәтиже жоқ
View All Result
  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
        • Lectorium
        • Jastar Books
        • Жастар лагері
        • Жас тұлпар
        • Тегін ағылшын курсы
        • Mangystau Nauryz Fest
        • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс
Нәтиже жоқ
View All Result
Маңғыстау жастары
Нәтиже жоқ
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Маңғыстауда жастар апталығы өз мәресіне жетті

13/08/2024
Айдары: Жаңалықтар, Жобалар
0
Маңғыстауда жастар апталығы өз мәресіне жетті
579
SHARES
5.3k
VIEWS
Share on FacebookShare on WhatsappShare on Telegram

Маңғыстау облысында «JASTAR WEEK» жастар апталығы аясында 18 ауқымды іс-шара ұйымдастырылды. Жалпы өңір бойынша 63 іс-шара өтті. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен баспасөз мәслихатында облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Мұқаш Оралбай хабарлады.

Спикердің айтуынша, ұйымдастырылған іс-шаралар 14 пен 35 жас аралығындағы жастардың барлық категорияларын қамтыды. Атап айтқанда тіркеуде тұрған, декреттегі аналар, NEET санатындағы жұмыссыз жастарға арналған және есірткіге, лудоманияға қарсы жобалар жүзеге асырылды. Мәдениет, білім, спорт саласында да ауқымды жобалар іске асуда.

3 тамыз күні «Таза Қазақстан» жобасы аясында Taza Like  экологиялық науқаны мен тимбилдинг ұйымдастырылды. Науқан аясында 450 жас қатысып, 300 тоннаға жуық қоқыс жиналды. 4 тамыз күні – «Жас келсе, іске» күні өңір мектептерінің түлектері үшін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ақпараттық кеңес беру шарасы өтті. 5 тамыз күні шағын футболдан базар жастары арасындағы «Теңбіл доп»турнирі өтті. Жаңаөзенде 5 тамыздан 7 тамызға дейін жастарды заманауи мамандықтар бойынша «Zhas Designer» оқыту бағдарламасы өтті. 6 тамыз күні теңіз жағалауында «Jastar Week» апталығы аясында тоғызқұмалақтан облыстық ашық чемпионат ұйымдастырылды.

Сонымен қатар «Кедергісіз Маңғыстау» әлеуметтік жобасының аясында ерекше қабілеті бар жастар мен жасөспірімдерге арналған қысқа мерзімді курстар басталды. Ал 7 тамыз күні Ақтауда 6-шағынауданда облыстық жастар ресурстық орталығы ғимараты жанынан маңғыстаулық волонтерлерге арналған «QOLDAU» фронт-офисі ашылды. 8 тамыз күні волонтерлік ұйымдар мен бастамашыл топтарға арналған шағын гранттар конкурсына өтінім қабылдау басталды. 9 тамыз күні Жаңаөзен қаласы әкімі белсенді жастармен кездесіп, марапаттады. Ал Ақтауда «Career Day» бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Сонымен қатар Жаңаөзен қаласындағы өндіруші жас кәсіпкерлердің «Жас кәсіпкерлер жәрмеңкесі/көрмесі» өтті. Ал Бейнеу ауданында Республикалық «Жайдарман» ойындарының сайысы ұйымдастырылды. 10 тамыз күні — Жетібай ауылында ескі ғимарат күрделі жөндеуден өтіп, жастар орталығының бөлімшесі ашылды. Сонымен қатар Абай күніне орай «I love Aktau» алаңында поэзия кеші өтті. 11 тамыз күні Ақтау қаласында «Қорған – 2024» акциясы аясында қоғамдық рейд жүргізілді. 12 тамыз күні «№7-спикер» интеллектуал конференциясы өтті. 10 тамыз күні Мұнайлыда, 11 тамыз күні Жаңаөзен қаласында, Ал 12 тамыз күні Ақтау қаласында, Бейнеу, Маңғыстау, Түпқараған, Қарақия аудандарында қорытынды «Жастармен бірге» Open Air кеші өтті.

— Маңғыстау — мүмкіндіктер мекені. Расында да біз өңір жастарының әлеуетін көтеруге бар жағдайды жасағымыз келеді. Алдағы уақытта да бірқатар жобалар мен іс-шаралар жалғасын табады деген ойдамын. Осы орайда Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығына, қала-аудандағы жастар орталықтары мен ұйымдастырушы қоғамдық ұйымдарға алғысымды білдіремін. Сіздермен бірге жастар апталығы өте жоғары деңгейде өткеніне сенімдімін. Менің ойымша кез-келген жас озық білімімен ортасынан оза шауып, арман тілегін жүзеге асыра алады. Сондықтан Мағжан сенген жастар біздерміз, болашақ сіз бен біздің қолымызда, — деді Мұқаш Оралбай.

  • Үздік
  • Пікірлер
  • Соңғы
Өңірімізде «Маңғыстау жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

Өңірімізде «Маңғыстау жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

27/12/2024
Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті

16/11/2023
«Jastar Startup – 2021» стартап байқауына өтінім қабылдау басталды

«Jastar Startup – 2021» стартап байқауына өтінім қабылдау басталды

22/10/2021
Жас көшбасшылардың кеңесі өтті

Жас көшбасшылардың кеңесі өтті

15/11/2023
Балалар үйінде тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

Балалар үйінде тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

0

Ақтауда Маңғыстау жастарының игілігіне арналған «АРМАН» Коворкинг орталығы ашылды

0

Жастар жылында Маңғыстау өңірінде 100 шара өтеді

0

«Маңғыстау жастары» және жастар жылы

0
Балалар үйінде тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

Балалар үйінде тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

18/03/2026
2024 жылға арналған «Маңғыстау жастары» тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген несиелеу бағдарламасынан үй алған қатысушылар тізімі

2024 жылға арналған «Маңғыстау жастары» тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген несиелеу бағдарламасынан үй алған қатысушылар тізімі

13/03/2026
«Адал азамат» кағидаты аясында жастар Кинология кызметімен танысты

«Адал азамат» кағидаты аясында жастар Кинология кызметімен танысты

10/03/2026
«Іскерлікке алғашқы қадам» мастер-классы өтті!

«Іскерлікке алғашқы қадам» мастер-классы өтті!

09/03/2026

Сайт мәзірі

  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
        • Lectorium
        • Jastar Books
        • Жастар лагері
        • Жас тұлпар
        • Тегін ағылшын курсы
        • Mangystau Nauryz Fest
        • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс

logo-mangustau zhastary

«Маңғыстау жастары» сайты — Маңғыстау облысының жастарына арналған ортақ интернет-платформа. Ақпараттық сайтта облыс аумағында жастардың бастамасымен және қатысуымен ұйымдастырылатын және өтіп жатқан іс-шаралардан бөлек, өңірдің түкпір-түкпіріндегі әр салада жетістікке жеткен жас көшбасшылар насихатталады.

© 2022-2023 МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ - Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының порталы ZERO.kz

Нәтиже жоқ
View All Result
  • Жаңалықтар
    • Жас көшбасшы
    • Жастар саясаты
      • Жобалар
    • Таным
    • Өзге пайым
  • «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
  • ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА «МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ»
  • Байланыс

© 2022-2023 МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ - Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының порталы ZERO.kz

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist