Құрметті «Маңғыстау жастары» тұрғын үй бағдарламасына қатысушылар!
Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрай отыра, назарыңызға «Маңғыстау жастары» тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген несиелеу бағдарламасының қатысушыларын іріктеу жөніндегі комиссия отырысының алдын ала қорытындысы (алғашқы кезең бойынша) жарияланғанын қуана хабарлаймыз.
Комиссия 1) үміткерлердің бағдарлама ережесінің 5.2. тармағындағы талаптарға сәйкестігі мен 2) 6-тармағында көрсетілген құжаттар тізбегінің толық болуын саралап, 3) баллдарды есептеу тәртібімен іріктеу жүргізді. Нәтижесінде 257 үміткердің тізімі жасақталып, бағдарлама ережесінде көрсетілген елді-мекен бөлінісі бойынша «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-на төлем қабілетін бағалау үшін жолдама алған үміткерлердің негізгі және резервтік тізімі (әрі қарай – Тізім) назарыңызға ұсынылып отыр.
2023 жылға арналған «Маңғыстау жастары» тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген несиелеу бағдарламасының ережесі (бұдан әрі – Бағдарлама). Бағдарлама ережесін жүктеу;
- қарыздың ең жоғары сомасы;
- Ақтау қаласы үшін – 15 млн теңгеге дейін;
- қалған қала/аудандар үшін – 10 млн теңгеге дейін;
- кредит беру уақыты – 20 жылға дейін;
- пайыздық мөлшерлеме – 5%;
- бастапқы жарна – 10 %;
- бастапқы және қайталама тұрғын үй алу мүмкіндігі;
- қамту – 42 адамнан кем емес;
- бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі – 2023 жыл.
- Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, атап айтқанда, тиісті жоғары және арнаулы орта білімі бар, Маңғыстау облысындағы мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымының медицина қызметкерлері;
- Білім және ғылым саласының қызметкерлері, атап айтқанда, тиісті жоғары және арнаулы орта білімі бар, Маңғыстау облысындағы мемлекеттік білім беру ұйымының педагог қызметкерлері және мемлекет 100% қатысатын жоғары білім беру ұйымдарының оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері;
- Мәдениет саласының қызметкерлері, атап айтқанда, Маңғыстау облысында орналасқан мәдениет саласындағы мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйым қызметкерлері;
- Ауылшаруашылық саласының қызметкерлері, атап айтқанда, Маңғыстау облысында орналасқан мемлекеттік ауылшаруашылық ұйымдарының бейінді қызметкерлері;
- Спорт және дене шынықтыру саласының қызметкерлері, атап айтқанда, Маңғыстау облысында орналасқан спорт және дене шынықтыру саласындағы мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйым қызметкерлері;
- Бұқаралық ақпарат құралдарының және ақпарат саласының қызметкерлері, атап айтқанда, тікелей бейіндік қызметпен айналысатын мемлекет 100% қатысатын ұйымдардың журналисттері мен бұқаралық ақпарат құралдары саласының штаттық қызметкерлері (журналистер, корреспонденттер, продюсерлер, беттеушілер, редакторлар, режиссерлер, дыбыс инженерлері, телерадио жүргізушілері, фотографтар, телерадио хабарларын тарату жөніндегі инженерлер, графикалық және мультимедиялық дизайнерлер, телерадио хабарларын тарату жөніндегі техниктер, аудио-видео операторлар, телекоммуникациялар жөніндегі монтажерлер, контент менеджері, жарықтандырушы, веб-дизайнерлер, медиа жоспарлау менеджері, медиа талдаушы);
- Әлеуметтік сала қызметкерлері, атап айтқанда, Маңғыстау облысындағы халықты әлеуметтік қорғау, мемлекеттік жастар саясаты, қоғамдық даму, дін саласындағы мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін бейінді қызметкерлер;
- Маңғыстау облысының коммуналдық кәсіпорындарының /мекемелерінің қызметкерлері (коммуналдық мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар, мемлекет 100% қатысатын акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік);
- Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласының қызметкерлері, атап айтқанда, өрт сөндіру мен жедел-құтқару отрядтары;
- Сондай-ақ, жоғарыда аталған салада жұмыс жасаған бала күтіміне байланысты еңбек демалысындағы әйелдер. Бұл санат бойынша қатысушы тең қарыз алушы ретінде үшінші тұлғаны тарта алады (жақын туыстары).
- Бағдарлама қатысушысы және оның отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс және Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 (бес) жыл ішінде сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйі немесе меншік құқығындағы тұрғын үйі болмауы қажет;
- «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес өтініш беру кезінде қатысушының (жұбайын қоса алғанда) жасы 14 жастан 35 жасқа дейін (қоса алғанда) болуы тиіс. Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде тек ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады;
- Қатысушының Маңғыстау облысында соңғы 2 жыл ішінде тұрақты тіркеуінің болуы, сонымен бірге өтініш беру кезінде, онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайы (зайыбы), кәмелетке толмаған балалары және т.б.) Маңғыстау облысында тұрақты тіркеуі болуы тиіс;
- Отбасының 1 мүшесіне шаққандағы соңғы 6 айдағы табыс міндетті аударымдарды шегергенде 150 098 теңгеден (ең төменгі күнкөріс деңгейі 3,7 бағдарлама коэффициентіне көбейтіледі) (1 ЕТКД – 40 567 теңге) аспауға тиіс;
- Қатысушының төменде көрсетілген салалар бойынша ресми жұмыс өтілі (міндетті зейнетақы аударымдарының болуымен) Маңғыстау облысында кемінде соңғы 1 жыл болуы тиіс;
- Қатысушы аталған бағдарлама аясында сатып алатын тұрғын үйді тіркелген мекенжайы бойынша ғана ала алады;
№ | Атауы | Қатысушылар саны |
1 | Ақтау қаласы | 16 |
2 | Жаңаөзен қаласы | 9 |
3 | Бейнеу ауданы | 3 |
4 | Маңғыстау ауданы | 2 |
5 | Түпқараған ауданы | 2 |
6 | Қарақия ауданы | 2 |
7 | Мұнайлы ауданы | 8 |
8 | Барлығы | 42 |
Егерде тұрғын үй саны көрсетілген межеден (42) асып кеткен жағдайда артылған тұрғын үйлер Ақтау қаласының бөлінісіне қосылады |
Өтініш берушілердің тізімі баллдық жүйені ескере отырып санаттар (салалар) бойынша қалыптастырылады (баллдардың ең көп саны бойынша):
№ | Өлшемдер | Баллдар |
1 | Тіркелген некеде әр жыл үшін | 1 |
2 | 1 (бір) бала болған кезде | 1 |
3 | Әрбір келесі бала үшін | 1 |
4 | Осы санаттағы (саладағы) еңбек өтілінің әрбір жылы үшін | 1 |
Қатысушылар бірдей ұпай жинаған жағдайда, жасы бойынша үлкен қатысушы артықшылыққа ие болады |
- Белгіленген нысандағы өтініш; Өтініш үлгісін жүктеу;
- Азаматтық хал-ахуалды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (балалардың тууы, қайтыс болуы, неке қию (ерлі-зайыптылық), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу);
- Қазақстан Республикасы бойынша өтініш берушіге және отбасының барлық мүшелеріне «Электрондық үкімет» веб-порталынан алынған жеке тұлғалар үшін жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама (egov.kz);
- «Электрондық үкімет» веб-порталынан алынған соңғы 6 айдағы зейнетақы аударымдары туралы анықтама (egov.kz);
- Ұйымның/мекеменің фирмалық бланкісінде берілген анықтаманың берілген күні, шығыс нөмірі, жұмысқа орналасу күні және атқаратын лауазымы көрсетілген жұмыс орнынан анықтама (ресми бланк болмаған жағдайда анықтамада ұйымның мөрі болуға тиіс);
- Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын құжаттар.