Словакияда дзюдодан жасөспірімдер арасында өткен Еуропаның ашық кубогында 50 келіде маңғыстаулық Ғабит Расулхан чемпион атанды.
Маңғыстаулық татами шебері іріктеу кезеңдерінде Израиль, Грузия, Белорусь, Венгрия спортшыларын ұтып, финалға шықты. Шешуші сында Ғабит Расулхан Украина палуанын ұтып, алтыннан алқа тағынды.
Жерлесіміз Ақтаудағы «Жас батыр» мамандандырылған балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің өкілі. Бұған дейін ол елішілік және халықаралық жарыстарда жүлдеге қол жеткізген. Сондай-ақ, биылғы ақпан айында Түркістан қаласында жасөспірімдер арасында өткен ел чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Айта кететін жайт, Словакия мемлекетінде Саморин қаласында дзюдодан кадеттер арасында өткен Еуропаның ашық кубогына 21 мемлекеттен 521 спортшы қатысты.