Ақтауда Абай атындағы мәдени демалыс кешенінде «Ерлігі елге мұра» республикалық конкурсы үздіктерді анықтады. Айтулы сында ақтаулық «Колибри» арт студиясының «Колибри» сән театры, «Аққу» ансамблі, «Гранд» би мектебі және «Белль» топтары өнер көрсетіп, көпшілікті тәнті етті.
Айта кететін жайт, 4-5 жастағы қыздардан құралған «Кішкентай ханшайымдар мектебі» шығармашылық балалар ұжымынан тұратын «Белль» тобы бұл конкурсқа алғашқы рет қатысып отыр. Кішкентай бишілер «Кішкентай балерина» биін билеп, 1 орынға ие болды.
Сондай-ақ, респбуликалық конкурс нәтижесі бойынша «Колибри» арт студиясы көптеген марапаттарға қол жеткізген жайы бар. Сондай-ақ, өнер көрсеткен тағы үш топ өнерпаздары Гран при иегері атанса, бұдан бөлек он топ 1-ші орынға, үш топ 2-ші орынға қол жеткізді.